Нарық қатысушыларымен және Биржа мүшелерімен жұмыс

Осы міндет аясында Биржа is2in жүйесін компанияның тиісті сипаттамасымен жеке кабинет қағидатын қолдану, таңдалған компанияларға немесе олардың топтарына қажетті құжатты бір уақытта жіберу бойынша функцияларды құру, компаниялардың құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы ескертулерді автоматты түрде қою бойынша функцияларды құру, құжаттарға арналған шаблондалған түсініктемелерді жіберу үшін пайдалану бөлігінде жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Қаржылық есептілік депозитарийінің (ҚЕД) және қор биржасының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру рәсімдерін оңайлату мақсатында, оның ішінде “бір терезе” пайдалану арқылы эмитенттің қызметі туралы ақпаратты орналастыру кезінде “Ақпараттық-есептеу орталығы” АҚ-мен ҚЕД және Биржаның ақпараттық жүйелерін интеграциялау және осындай интеграцияның құны бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, ақпараттық жүйелерді интеграциялауды іске асырудың техникалық мәселелері пысықталуда.