Іс-шаралар хронологиясы
Қаңтар
09 қаңтарда Биржада “Эмитент күні” іс-шарасы шегінде “Кселл” АҚ жетекшілігінің бағалы қағаздар нарығының институционалдық инвесторларымен және кәсіби қатысушыларымен кездесу өткізілді.
24 қаңтарда Биржаның өкілдері UN Sustainable Stock Exchanges Initiative (Инициатива SSE) және Лондон қор биржасының (Ұлыбритания) қолдауымен International Finance Corporation World Bank Group ұйымдастырған дөңгелек үстелдің отырысына қатысты. Бұл іс-шара дамып келе жатқан нарықтарда компаниялар үшін ақпараттар ашу, айқындылықты қамтамасыз ету және экологиялылықты бағалау практикасын тарату, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG критерийлері) сұрақтарын талқылауға арналды.
Ақпан
08 ақпанда Биржаның өкілдері Душанбе қаласында болып өткен (Тәжікстан Республикасы) “ТМД биржалары: қаржы құралдары, сервистер және технологиялар” бизнес-форумына қатысты.
14 ақпанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік Биржа мүшелерін, листингілік компанияларды және БАҚ өкілдерін марапаттау өткізілді. Түрлі номинацияларда жеңімпаздар атанғанда: “Фридом Финанс” АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ еншілес ұйымы — “BCC Invest” АҚ, “Қазақстан халық жинақ банкі” АҚ, “Казкоммерц Секьюритиз” АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы), “Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы “Halyk Finance” АҚ, “АТФБанк” АҚ, “Қазмұнайгаз” Барлау Өндіру” АҚ, KAZ Minerals PLС. БАҚ өкілдері арасында “Курсив” газеті, forbes.kz интернет-cайты, “LS TV” агенттігі сияқты жарияланымдар мен ақпараттық ресурстар аталды.
15 ақпанда Биржаның өкілдері Халықаралық Бизнес Академиясында болып өткен жас ғалымдар мен бизнес-лидерлердің жоғарғы оқу орындары арасындағы “Ғылым және бизнес: инновациялық дамудың механизмдері мен приоритеттері” тақырыбына мерейтойлық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
21 ақпанда “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” тақырыбына жоо қаржы-экономикалық факультеттерінің оқытушыларына арналған оқу іс-шарасы болып өтті.
27-28 ақпанда Биржаның өкілдері Маскат қаласында (Оман Сұлтанаты) болып өткен, ХІІІ Дүниежүзілік биржалық конгресске қатысып, биржалық бизнестің даму перспективалары, биржалық нарықтағы жаңа технологиялар, депозитарийлердің есепке алу жүйелерін өзгерту және биржалық қызметтерді диверсификациялау мүмкіншіліктері талқылады.
27 ақпанда Биржаның өкілдері Ресей мен ТМД елдерінің борыштық капитал нарықтарының мүмкіншіліктерін “Ресей мен ТМД облигациялары, несиелері және деривативтері” жыл сайынғы конференцияға қатысты.
Наурыз
01–02 наурызда FEAS Жұмыс комитетінің және жыл сайынғы FEAS Бас ассамблеясының 77-ші отырысы болып өтті. Іс-шарада бір қатар ішкі реттеуші құжаттар қаралып, FEAS дамуының болашаққа жоспарлар мен FEAS мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары қаралды. Биржаның өкілдері KASE бастамалары мен жобаларын назарға ұсынды.
02 наурызда Өскемен қаласында “Атамекен” ҚР ҰКП қолдауымен “Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тарту мүмкіндіктері” тақырыбына Шығыс-Қазақстан облысының бизнес-қауымдастығымен дөңгелек үстел өткізілді.
05 наурызда Алматыда “Даму” қорының қолдауымен “Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды енгізу” тақырыбына семинар өткізілді.
07 наурызда “Ring the Bell for Gender Equality” бағалы қағаздардың сауда-саттығын салтанатты ашу церемониясы өткізілді. Бұл іс-шара 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, БҰҰ жариялаған, тұрақты даму идеяларын алға тарту, соның ішінде гендерлік тең құқылыққа қол жеткізу мақсаттарында, жыл сайын өткізіледі.
15 наурызда “Тұрақты қор биржалар” атты БҰҰ бастамасы шегінде International Finance Corporation World Bank Group, EY компаниясы және Биржа спикерлерінің қатысуымен “Экологиялылық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару критерийлеріне сәйкес ақпараттар ашу” (ESG критерийлері) тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
16 наурызда жоғарғы оқу орындарының қаржы-экономикалық факультеттерінің студенттеріне арналған “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” тақырыбына оқу семинары өткізілді. Осы семинарда Биржа мен брокерлік компаниялардың өкілдері спикер болды.
29 наурызда Астана қаласында “Самұрық-Қазына” Корпоративтік университетінде “Қор нарығының негіздері” тақырыбына семинар өткізілді. Осы семинарда Биржа мен брокерлік компаниялардың өкілдері спикер болды.
29 наурызда, Биржаның 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған және Қазақстан қор нарығының дамуы сұрақтарына арналған, KASE Talks ашық лекциялар циклы басталды.
29 наурызда Биржа мүшелерінің, кастодиан-банктердің, Орталық депозитарийдің қатыуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде брокерлік компаниялардың кастодиан-банктермен бағалы қағаздармен операциялар жүргізенде өзара әрекеттестігі сұрақтары талқыланды.
30 наурызда Астанада “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (бұдан әрі — “Бәйтерек” ҰБХ" АҚ) қазынашылығының қызметкерлеріне арналған, “Компанияның капиталын тиімді басқару үшін арналған қор нарығының қаржы құралдары” тақырыбына оқу семинары болып өтті.
Сәуір
04 сәуірде Астана қаласында “Самұрық-Қазына” Корпоративтік университетінде корпоративтік хатшылардың жалпы сертификациясы шегінде Биржаның өкілі “Биржадағы листинг: негізгі талаптар” және “Листингілік компанияның мәртебесі: ақпараттар ашу және компанияның қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету” тақырыптарына сөз алды.
09 сәуірде инвесторлардың, стартаптар және қаржыландыруға мүдделі компаниялардың арасында коммуникацияларды қалыптастыру үшін арналған, KASE Startup сауда-саттық алаңы ашылды.
09 сәуірден бастап жаңа қаржы құралдары: CNY/KZT және RUB/KZT валюталық жұптарына қатысты валюталық своп операцияларының және есептесуі Т+2 теңгемен ресей рублінің (RUBKZT_SPT) сауда-саттықтары ашылды.
09 сәуірде Атырау қаласында Атырау ӨКП бірлесе отырып, өңірдің бизнес-қауімдастығының өкілдеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде қор нарығының қаржы құралдары туралы ақпарат ұсынылды.
11 сәуірде Атырау қаласында “Global Oil & Gas Atyrau 2018” халықаралық көрмесі шегінде Биржаның өкілдері “Қазақстан қор биржасы — қаржы тартудың платформасы” презентациясымен панельдік сессияда сөз алды.
17 сәуірде Биржада “Эмитент күні” іс-шарасы өткізілді, осы іс-шара аясында “KEGOC” АҚ жетекшілігінің институционалдық инвесторлармен және компанияның акционерлерімен кездесу өткізілді. “KEGOC” АҚ жетекшілігі кездесуге қатысушылармен ағымдағы жобалар, операциялық және қаржылық қызметтің нәтижелерін талқылады.
19 сәуірде Астана қаласында, MINEX тоғызыншы тау-кен-геологиялық форумы аясында Биржаның өкілдері, жер қойнауын пайдалану жаңа нысандарына инвестициялар тарту тәуекелдері мен перспективаларын бағалау, әлеуметтік-экологиялық жауапкершіліктің алғы шептегі стандарттарын енгізу, саланың сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін “ақылды” технологияларды енгізу сұрақтары талқыланған, панельдік сессиясында сөз алды.
19–20 сәуірде “Cbonds Emerging Markets Bond Conference” VII конференцисы болып өтті, осы іс-шарада Биржаның өкілдері “Қазақстандық корпоративтік облигациялар нарығы: болашаққа қадам” тақырыбына сөз алды.
20 сәуірде Биржада “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ арналған “Эмитент күні” іс-шарасы болып өтіп, Биржада Банктің ұлттық валютада номинацияланған, еурооблигацияларын Биржада шығару аясында инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу өтті.
22 сәуірден бастап Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ережелеріне енгізілген түзетулер өз күшіне енді, осы түзетулерге сәйкес брокерлік ұйымдарға валюталық нарықтағы сауда-саттықтарға қатысуға рұқсаттама берілді.
24 сәуірде Қарағанды қаласында Биржаның өкілдері “Mining Week Kazakhstan” халықаралық көрмесінде қаржыландыру тарту және кәсіпкерлердің қор нарығындағы инвестициялық мүмкіншіліктері сұрақтары жөніндегі секциясына қатысты.
26 сәуірде Алматыда “Даму” қорында “Қор нарығының негіздері” семинары өткізілді. Биржа мен брокерлік компаниялардың өкілдері спикерлер ретінде сөз алды.
Мамыр
17 мамырда Global Challenges Summit XI Астаналық экономикалық форум болып өтті, осы іс-шарада Биржаның өкілдері, бизнес-сектордың тұрақтылығын арттыруға және тұрақты экономикалық өсуге қолжеткізу тақырыбына арналған, панельдік пікірталастарға қатысты.
24 мамырда Алматы қаласында “Инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу негіздері (IR)” тақырыбына семинар болып өтті.
Іс-шараның спикерлері Refinitiv ақпараттық-талдамашылық агенттіктің, International Financе Corporation, World Bank Group, “PG Communications” ЖШС қазақстандық компаниясының, “Global PR & IR Advisory EM” халықаралық IR-агенттігінің және Биржаның өкілдері болды.
25 мамырда Алматыда “PG Communications” ЖШС компаниясымен және “Global PR & IR Advisory EM” халықаралық IR-агенттігімен бірлесе отырып, “Көкейкесті сұрақтар: компанияны басқару жүйесіндегі PR және IR орны” тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
25 мамырда отандық нарықтағы инвестициялау мәселелері бойынша сақтандыру компанияларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сақтандыру компанияларының инвестициялық белсенділігін арттыру, сақтандыру компаниялардың белсенділігін тежеуші бөгеттерді және сақтандыру компанияларының қор нарығына қатысуын белсендіру үшін қажетті нақты шараларды талқылау жүргізілді.
28–30 мамырда Ташкент қаласында (Өзбекстан) Өзбекстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен танысу форматында көшпелі іс-шарасы өткізілді. Биржаның делегациясы “Тошкент” Республикалық қор биржасының, Өзбекстанның Орталық депозитарийінің өкілдерімен және Өзбекстанның бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен кездесті. Кездесулер барысында бағалы қағаздар нарығының заңнамалық базасына енгізілетін өзгертулер талқыланып, листинг процедурасы мен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктері туралы әңгіме қозғалды.
31 мамырда Астана қаласында Биржаның өкілдері ТМД және Балтия елдерінің XV Облигациялық конгрессіне қатысып, “Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және оның инфрақұрылымы” панельдік сессиясында сөз алды.
Маусым
01 маусымда Биржада қор нарығының және корпоративтік басқару мәселелері бойынша Қазақстанның медициналық мекемелерінің өкілдерімен дөңгелек үстел болып өтті.
06 маусымда Астана қаласында “Самұрық-Қазына” Корпоративтік университетінде корпоративтік хатшылардың жалпы сертификаттауы шегінде Биржаның өкілдері “Биржадағы листинг: жаңа талаптар” және “Листингілік компанияның мәртебесі: ақпараттар ашу және компанияның қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету” тақырыптарына әңгіме қозғады.
15 маусымнан бастап, шағын және орта бизнестің субъектілеріне арналған, көпшілік компания мәртебесін алуды қажет етпейтін қаржыландырудың альтернативті көзі болып табылатын, Биржада KASE Private Market сауда-саттық алаңы ашылды.
19 маусымда Биржаның өкілдері “Astana Mining & Metallurgy — AMM 2018” форумына қатысып, “Биржаның капитал нарықтарында ТКМК үшін қаржы тарту мүмкіншіліктері” және “Тұрақты дамуды алға тартудағы биржалық тәжірибе” тақырыптарына сөз алды.
21 маусымда Астана қаласында AstanaHub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде “KASE Startup” сауда-саттық алаңының презентациясы назарға ұсынылды.
28 маусымда Биржада “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” тақырыбына оқу семинары болып өтті. Биржаның және брокерлік компаниялардың өкілдері спикер ретінде оқыту жүргізді.
28 маусымда Астанада “Бәйтерек” ҰБХ" АҚ бірлесіп, “Топішілік қаржыландыруға арналған KASE қаржы құралдары” тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
20–21 маусымда Астана қаласында “Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі” болып өтті. Биржаның өкілдері “Әлемдік бизнес — тау-кен компанияларды қаржыландыру үшін капитал тарту” және “Тұрақты даму — тұрақты дамудың қаржылық тұрақтылыққа ықпалы және тәуекелдерді ескеру” атты екі сессияға қатысты.
28 маусымда Лондонда (Ұлыбритания) “Investment Opportunitites in Kazakhstan” конференциясы болып өтті. Жиында Қазақстанның ақша-несиелік саясатының даму бағыттары, Қазақстанның биржалық нарықтарында қалыптасқан тенденциялары, KASE мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы, сондай-ақ шетелдік компаниялар үшін қор нарығындағы инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.
Шілде
11 және 14 шілдеде Алматы қаласында Биржаның өкілдері “Professionalize Kazakhstan” (“K-pro3”) оқу бағдарламасына қатысып, “Diversity” және “Капитализация — бизнестің тиімді қызметінің индикаторы” тақырыптарына лекция оқыды.
11 шілде күні Биржада қор нарығын дамыту, облигациялар бойынша купондық мөлшерлемені субсидиялау механизмін енгізу, АҚШ долларында номинацияланған еурооблигациялар бойынша есептесулер жүргізу мәселелері бойынша брокерлік компаниялармен дөңгелек үстел өткізілді. Биржа осы іс-шараға қатысушыларға Биржаның іске асырылған жобалары мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағыттары туралы ақпараттар ұсынды.
23 шілдеде Биржа мен “KAZENERGY” Қазақстан мұнайгаз және энергетикалық ұйымдарының ассоциациясы" ЗТБ отандық және шетелдік компанияларды, соның ішінде Ассоциацияның мүшесі болып табылатын компанияларды, Қазақстанның қор нарығына эмитенттер мен инвесторлар ретінде тарту бойынша ұсыныстар әзірлгеу аясында, Биржа мен Ассоциацияның ынтымақтастығына және өзара әрекеттестігіне бағытталған, меморандумға қол қойды.
Қыркүйек
10 қыркүйектен бастап есептесуі келесі жұмыс күні (Т+1) теңгенің АҚШ долларына USDKZT_TOM орташа сараланған биржалық бағамы бағамқұраушы қаржы құралы ретінде пайдалана басталды. Бұл жаңа енгізілімнің мақсаты — теңгенің құбылмалы айырбастау бағамы тәртіптемесінде шетел валюталары нарығында репрезентативтірек индикаторды жасау болды.
12 қыркүйекте Биржа мен “Bloomberg” ақпараттық-талдамашылық агенттігі “Bloomberg Day on KASE” атты дөңгелек үстелдің отырысын өткізді, іс-шараның мақсаты инвесторлармен және өзге де мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттестік аясында замани тенденциялармен, сондай-ақ компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қаржы құралдармен аудиторияны таныстыру болды.
13 қыркүйекте Ташкент қ. (Өзбекстан Республикасы) “Өзбекстан Республикасының капитал нарығы” халықаралық конференциясы болып өтті, осы іс-шараны ұйымдастырған “Cbonds Congress” халықаралық агенттігі. Биржаның өкілі “Өңірдің иневстициялық мүмкіндіктері және еларалық ынтымақтастықтың перспективалары”.
14 қыркүйекте KASE мен “Тошкент” Республикалық қор биржасы ұлттық қор биржаларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру аясында, екі биржаның арасында ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
17 қыркүйектен 17 қазанға дейін қаржы-экономикалық және басқа да мамандық студенттеріне арналған, оқу бағдарламасы шегінде кәсіби білімдерді кеңейтуге ниеттенген, сондай-ақ қор нарығында практикалық тәжірибе алу үшін, “Биржалық симулятор” білім беру жобасы жүргізілді.
17 қыркүйектен бастап KASE есептесуі Т+2 сызбасы бойынша АҚШ долларымен листингілік еурооблигациялардың сауда-саттықтарын іске қосты.
18 қыркүйекте Биржаның өкілдері Алматы қ. өткен “S&P Global 2018: экономика және Қазақстанның банктік секторы” жыл сайынғы конференциясына қатысып, “Қазақстанның биржалық нарығының ағымдағы трендтері” тақырыбына сөз алды.
18 қыркүйекте “KASE: тұлғалы тарих” онлайн жобасы іске қосылды, осы іс-шара Биржаның 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырлды. Осы жоба аясында бірқатар жарияланымдардың сериясы — Қазақстан Республикасы қор нарығының қалыптасуына және дамуына айтар үлес қосқан тұлғалардың сұхбаттары мен естеліктері жарық көрді.
20 қыркүйекте Алматы қаласында “Корпоративтік басқарудың негіздері” тақырыбына семинар өткізілді. Осы іс-шараның спикерлері International Finance Corporation, World Bank Group, ТОО “Governance & Management Consulting” және Биржаның өкілдері болды.
25 қыркүйекте Биржада “KEGOC” АҚ арналған “Эмитент күні” іс-шарасы өткізілді, осы іс-шара аясында компания 2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен бөлісіп, дамуының стратегиялық жоспарлары туралы айта кетті.
26 қыркүйекте Астанада “Самұрық-Қазына” Корпоративтік университетінде корпоративтік хатшыларды жалпы сертификаттау шегінде Биржаның өкілі “Биржадағы листинг: негізгі талаптар” және “Листингілік компанияның мәртебесі: ақпараттар ашу және компания қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету” тақырыптарына сөз алды.
28 қыркүйекте Биржада бөлшек инвестораларға арналған “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” білім беру семинары өткізілді. Осы іс-шараның спикерлері Биржаның және брокерлік компанияның өкілдері болды. Білім беру бағдарламасы аясында “Қаржылық дегустация” интерактивті ойыны өткізілді.
Қазан
01 қазаннан бастап KASE шетел валюталары нарығында Орталық контрагент функциясын атқара бастады.
02 қазаннан бастап “Alma-U-дағы Биржаның күні” іс-шарасы шегінде “Alma-U” студенттеріне арналған қонақтардың дәрістері ұйымдастырылды.
02–04 қазан аралығында Биржаның өкілдері Афины қаласында (греция) болып өткен Дүниежүзілік биржалар федерациясының (World Federation of Exchanges, WFE) 58-ші Бас Ассамблеясы мен Жылдық жиналысына қатысты. Іс-шаралар барысында биржалық бизнестідамытудың және, нарықтық инфрақұрылымға ықпал ететін, жаңа сын-тегеуріндедің сұрақтары, сондай-ақ тұрақты даму мәселелері талқыланды.
10 қазанда Биржа мен MOEX Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, осы келісім Мәскеу биржасымен KASE орналастырған акцияларының 20 % сатып алуын және МОЕХ сауда-клирингілік жүйелерін KASE нарықтарында енгізуді қарастырады.
12 қазанда Қостанай қаласында “KostanayInvest 2018” екінші өңірлік инвестициялық форумының шегінде Биржаның өкілдері “Қазақстан қор биржасы — қаржыландыру тартудың платформасы” тақырыбындағы панельдік сессиясында сөз алды.
25 қазанда Ақтау қаласында “KASE day in Aktau” іскери таңғы ас ұйымдастырылып, осы іс-шараға өңірдегі ірі компаниялардың жетекшілері, шағыгн және орта бизнестің өкілдері және Биржаның өнімдері мен қызметтерін алға тарту аясындағы Биржаның серіктестері қатысты.
25 қазанда KAZRC Ассоциациясының, SRK Consulting, Биржаның спикерлерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдерінің қатысуымен “Минералды ресурстардың немесе мұнай мен газдың қорлары бойынша көпшілікке есеп беруді дайындау” тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
28 қазанда Абу Даби қаласында (БАӘ) Биржаның өкілдері FEAS жыл сайынғы кездесуінің шегінде өтетін Бас Ассамблеяның, Жұмыс комитетінің және Аудиторлық комитеттің отырыстарына қатысты.
29–30 қазанда FEAS мүшелерінің жыл сайынғы кездесуі аясында алғашқы рет “Сауда-саттық және есеп айырысудың толықтырылған нақтылығы” тақырыбына “ConFEAS 2018” конференциясы болып өтті. Осы конференцияда MiFid II енгізу, реттеушінің капитал нарығын дамытуда қолдау сұрақтары, бағалы қағаздардың сауда-саттығы бойынша транспорттық байланыстар мен қаржылық технологияларды болашағы (Fintech) мәселелері талқыланды.
Қараша
01 қарашадан 14 желтоқсанға дейін акциялар нарығында бөлшек инвесторлардың арасында байқау өткізілді. Байқауға барлығы 200 бөлшек инвестор қатысты. Байқау барысында қатысушылар жалпы сомасы 256 млн теңгеден астам 2 588 мәміле жасасты, ең үздік кірістілік жылдық 13,7 % құрады.
01 қарашада Алматы қаласында Биржаның өкілдері ШОБ бойынша кеңес берушілерге арнап EBRD ұйымдастырған, “Капитал нарықтарының құралдары” оқу бағдарламасына қатысып, “Қазақстан қор биржасы — инвестициялар тартудың платформасы” дәрісімен сөз алды.
16 қарашада Алматыда, Биржа мен Қазақстанның Ұлттық Банкі “Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы” ЗТБ бірлесіп ұйымдастырған, VIII Қаржыгерлер конгрессінің шегінде “Экономиканың тұрақты дамуында қор биржаларының атқаратын рөлі” тақырыбына Қазақстандық биржалық форум болып өтті.
23 қарашада Биржада “Эмитент күні” іс-шарасы шегінде “ҚазАгроҚаржы” АҚ жетекшілігінің, жоспарланған коммерциялық облигацияларын орналастыруға орай, институционалдық инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуде “ҚазАгроҚаржы” АҚ жетекшілігі қаржылық нәтижелер мен ағымдағы жобалар туралы, сондай-ақ, жоспарланған коммерциялық облигацияларын қосымша орналастырудың параметрлері туралы айта кетті.
27 қарашада Алматы қаласында “Даму” Қорында “Қор нарығының негіздері” атты семинар өткізілді. Биржаның және брокерлік компаниялардың өкілдері семинардың спикерлері болды.
29 қарашада Алматыда Биржаның өкілдері “Governance & Management Consulting” ЖШС және International Finance Corporation World Bank Group ұйымдастырған, “Әйелдердің қатысуымен директорлар кеңестеріне жаңа көзқарас” тақырыбына гендерлік теңдік сұрақтарына арналған дөңгелек үстелдің отырысы болып өтті. Биржа “Гендерлік теңдікті алға тартуда қор биржаларының атқаратын рөлі” тақырыбына баяндама жасады.
Желтоқсан
04 желтоқсаннан бастап МБҚ нарығының қаржы құралдарын есеп айырысудың Т+2 сызбасына ауыстыру жүзеге асырылды.
06 желтоқсанда Астана қаласында “Атамекен” ҚР ҰКП “Инвесторлармен өзара әрекеттесу негіздері (IR)” семинары өткізілді. Семинардың спикерлері болып “Ernst&Young Advisory LLP” компаниясының, “S&P Global Ratings” халықаралық рейтингілік агенттігінің, “KEGOC АҚ және “ҚазТрансОйл” АҚ қазақстандық компанияларының, сондай-ақ Биржаның өкілдері сөз алды.
07 желтоқсанда Астана қаласында Биржаның 25-жылдығына орай “KASE Day in Astana” бизнес-таңғы асы өткізілді.
07 желтоқсанда Ақтөбе қаласында “Ақтөбе-Инвест 2018” өңірлік инвестициялық форумның жұмысына қатысып, “KASE — қаржыландыру тартудың платформасы” тақырыбына сөз алды.
14 желтоқсаннан бастап Биржада, FinEx Physically Backed Funds Plc (Ирландия) инвестициялық қормен шығарылған, FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегацияланған қосалқы қор акцияларының сауда-саттықтары ашылды. Осының алдында, қазан айында KASE индексіне биржалық инвестициялық қор акцияларының сауда-саттықтары Мәскеу қор биржасында ашылған.
21 желтоқсанда Биржада ұлттық қор нарығының даму мәсілелері бойынша брокерлік компанияларға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында Биржа іске асырылған жобалар мен әрі қарай дамуының стратегиялық ба,ғыттары мен іске асыруға жоспарланған жобюалар туралы ақпараттандырды.
21 желтоқсанда жеке инвесторларға арналған “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” оқу семинары өткізілді. Оқу бағдарламасы шегінде “қаржылық дегустация” интерактивті ойыны өткізілді.