Ішкі аудит
Биржада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Қызмет Корпоративтік басқару және Биржаның операциялық қызметі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін қамтамасыз ету бөлігінде бағалайды:
- Биржа қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, жарғыға, ішкі құжаттарға, биржа органдарының шешімдеріне сәйкес келуі;
- Биржаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу;
- Биржа қызметінің даму жоспарларын және жұмыстарын орындау шеңберіндегі нәтижелілігі;
- Биржаның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттың шынайылығы мен тұтастығы;
- Биржа активтерінің сақталуы;
- ақпараттық жүйелердің, үдерістер мен процедуралардың, Биржаның ұйымдық құрылымының сапалы қызмет етуі, олардың қолданыстағы стандарттар мен “үздік тәжірибелерге” сәйкестігі, өз қызметін қамтамасыз ету және мақсаттарға жету үшін Биржа ресурстарының жеткіліктілігі;
- Биржаның ақпараттық активтерінің қауіпсіздігі (қорғалуы).
Ішкі аудит қызметі Биржа қызметіндегі бақылау ортасының және тәуекелдер деңгейінің өзгеруін жеке тексерулерді орындау шеңберінде қолданылатын тәсілдерді тиісті өзгерту үшін тұрақты негізде қадағалайды. Тәуекелдерді басқару және Биржаның ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру үшін анықталған кемшіліктер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ жүйелерді жақсарту үшін ұсыныстар Ішкі аудит қызметінің есептерінде көрсетіледі, олар Биржаның жауапты бөлімшелеріне, басқармасына және Директорлар Кеңесіне жеткізіледі. Қызмет ұсынымдары негізінде Биржа Басқармасы Биржа бөлімшелерінің орындауы үшін іс-шаралар жоспарын бекітеді, ал Ішкі аудит қызметі аталған жоспарлардың жүзеге асырылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.