Тәуекелдерді басқару жүйесі
Биржада тәуекелдерді басқару Биржаның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және стратегиялық шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады.
Тәуекелдерді басқару ISO 31000, 27001, 22301 халықаралық стандарттарының ұсынымдарына және Ұлттық реттеуіштің талаптарына сәйкес барлық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Есепті жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекелдерді басқару саласындағы ISO 31000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізілді. Өзін-өзі бағалау қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы және қаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым ретінде Биржаның мәртебесін негізге ала отырып жүргізілді. Тәуекелдерді басқару жүйесі көбінесе ISO 31000 стандартының ұсынымдарының талаптарына сәйкес келеді және Биржа қызметінің тәуекелдерін басқару бойынша қолданыстағы ішкі құжаттарда ескерілген. Тұрақты негізде тәуекелдерді басқару жүйесін және тәуекелдерді азайту бойынша рәсімдерді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Тиісті құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару жүйесін үнемі жетілдіруді, тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен мониторингті қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне баға береді, биржа жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тәуекелдерді басқару жүйесін құру кезінде Биржа келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметті құру және қорғау;
- Биржа қызметінің барлық бағыттарының ажырамас бөлігі ретінде тәуекелдерді басқару;
- шешім қабылдау процесінің бір бөлігі ретінде тәуекелдерді басқару;
- белгісіздікті және оны білдіру мүмкіндігін қарастыру;
- тәуекелдерді басқарудың жүйелі, құрылымдық және уақтылы тәсілін пайдалану;
- тәуекелдерді басқару кезінде қолда бар ақпаратты пайдалану;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің биржа қажеттіліктеріне сәйкестігі;
- тәуекелдерді басқару жүйесін құру кезінде адами және мәдени факторларды есепке алу;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің ашықтығы және барлық мүдделі тараптарды тарту;
- сыртқы және ішкі оқиғалар өзгергенде жүйенің өзгеруі;
- биржа қызметін тұрақты жақсарту;
- тәуекелдерді сәйкестендіру мақсатында Биржаның әрбір бөлімшесінің өз қызметіне мұқият шолу және мониторинг жүргізу.
Биржа өз қызметінің мақсаттары үшін тәуекелдерді келесі түрде топтастырады:
- операциялық;
- несиелік;
- нарықтық және жүйелік;
- құқықтық;
- бедел;
- өтімділікті жоғалту тәуекелдері;
- өзге де тәуекелдер.
Бизнес-процестерге тәуекелдерді басқару функцияларын ықпалдастыру тәуекелдерді уақтылы анықтауға, олардың әсерін бағалауға, теріс әсерді азайту және/немесе оларды болашақта іске асыру ықтималдығын төмендету мақсатында оларға тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде тәуекелдерді басқарудың тиімді процесін қолдау мақсатында тұрақты негізде:
- тәуекелдерді анықтауға, сәйкестендіруге, бағалауға және оларды бақылауға байланысты мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелер арасында ақпарат алмасу жүргізіледі;
- тәуекелдерді төмендетуге және алдын алуға бағытталған шаралар қабылдануда, жұмыстың біріздендірілген рәсімдері мен тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері енгізілді, ағымдағы тәуекелдерді бағалау жүргізіледі, оның ішінде мониторинг жүргізіледі, тәуекелдерді басқару жүйесінің параметрлері қайта қаралды, Биржа қызметінің регламенттерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі, тәуекелдерді азайту мақсатында қарастырылған барлық жоспарланған іс-шараларға мониторинг және бақылау жүргізіледі;
- жеке портфельдің, клирингілік қорлар портфелінің және клирингілік қатысушыларды қамтамасыз ету портфелінің тәуекелдерін стресс — және бэк-тестілеу жүргізіледі;
- халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген қаржы құралдары бойынша провизияларды есептеу әдістемесі әзірленді және қолданылады;
- Биржа қызметкерлерінің тәуекел-мәдениетін арттыру, сондай-ақ басқарушылық және операциялық шешімдерді қабылдау кезінде тәуекел-бағытталған тәсілді енгізу және қолдану мақсатында құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша және тәуекелдерді басқару жүйесінің ішкі құжаттары бойынша оқыту жүргізілді, тәуекелдерді уақытылы анықтау және сапалы басқару бөлігінде бөлімше басшыларымен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді. Тәуекелдерді, тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды анықтаған тәуекелдер мен бөлімшелер иелерінің бөлімше қызметкерлерінің дұрыс түсінуі, әрбір қызметкердің жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында, құрылымдық бөлімшелердің тәуекел оқиғалары туралы ақпаратты ұсыну барысында биржа қызметкерлеріне тұрақты негізде кеңестер жүргізіледі;
- Биржа Басқармасы жанынан құрылған алқалы орган болып табылатын инвестициялық комитет қабылданған инвестициялық саясатқа сәйкес және қаржы құралдарына тән тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, активтерді инвестициялау бойынша шешім қабылдайды. Биржа инвестициялық қызмет бойынша нормативтік базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді, соның ішінде қаржы құралдарының дефолтының ықтималдығын анықтау әдістемесі әзірленді; есепті кезеңде сонша мәселе қаралды. Есепті кезеңде инвестициялық комитеттің 49 отырысы өткізілді;
- Биржада қаржы нарықтарындағы ахуалға, Биржаның қызметіне, оның контрагенттеріне — Биржа мүшелеріне, эмитенттерге және инвесторларға байланысты тәуекелдерді талдау, мониторингілеу, анықтау және басқару, Биржаның Басқармасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін алқалы нарықтық тәуекел комитеті жұмыс істейді;
- оның міндеттері қаржы нарықтарындағы жағдайға, Биржаның, оның контрагенттері — Биржа мүшелерінің, эмитенттер мен инвесторлардың қызметіне байланысты тәуекелдерді талдау, мониторингілеу, анықтау және басқару болып табылады. Есепті кезеңде нарықтық тәуекелдер бойынша Комитеттің 20 отырысы өткізілді;
- тәуекелдерді сәйкестендіру рәсімі жүргізіледі, атап айтқанда барлық бизнес-процестерді жан-жақты талдау негізінде тәуекел объектілерінің тәуекел факторларын анықтау жолымен тәуекелдер тіркелімін және тәуекелдер картасын, тәуекелдердің негізгі индикаторларын қалыптастыру және одан әрі мониторингілеу мақсатында тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау бойынша сауалнама жүргізілді.
2018 жылы Биржа клирингтік қызметті кеңейту бөлігінде KASE 2016-2018 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру аясында шетел валюталары нарығында орталық контрагенттің функцияларын орындай бастады.
Шетел валюталары нарығында орталық контрагенттің болуы биржалық валюта нарығының қатысушыларына сауда-саттыққа қатысушылардың қандай да біреуі міндеттемелерін орындамаған жағдайда жасалған мәмілелер бойынша олардың талаптарын орындаудың қауіпсіздігін және кепілдігін қамтамасыз етеді, бұған валюта нарығында тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру арқылы қол жеткізіледі. Орталық контрагентті енгізу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі нормативтік құжаттаманы өзектендіру және жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Биржа құрылымының өзгеру динамикасын және биржа қызметін дамыту бойынша стратегиялық жоспарларды ескере отырып, тұрақты негізде тәуекелдерді басқару жүйесін оңтайландыру және жетілдіру, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелдік-бағытталған тәсілді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
КЖ/ТҚҚ бөлігінде Биржа оның қызметінің заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау жолымен ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қаржы мониторингінің субъектісі бола отырып, биржа КЖ/ТҚҚ бойынша ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, қаржы мониторингіне жататын, биржа клиенттерімен жасалған операциялар туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Биржа клиенттерге тиісті тексеру жүргізу және қаржы мониторингіне жататын операцияларды анықтау бойынша процедураларды әзірледі.