Бағалы қағаздар нарығы
Акциялар
2018 жылы акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі 2017 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 539,8 млрд. теңгеге жетті.
Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 2 194,5 млн теңгені құрады, мәмілелердің орташа күндік саны — 573, бір мәміленің орташа көлемі — 3,8 млн теңге.
Акциялардың бастапқы нарықтағы сауда-саттықтарының көлемі 93,1 % азайды. Есептік жылы “БАСТ” АҚ 10,5 мың жай акцияларын 526,4 млн теңгеге орналастыру ғана болып өтті.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 2017 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 261,8 млрд. теңгеден 539,3 млрд. теңгеге жетті. Көбінде бұл, бірнеше компаниялардың акционерлері ауысумен және “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру" АҚ кері сатып алуымен байланысты, қайталама нарықтағы тұрақты емес ірі мәмілелердің айтарлықтай санымен байланысты болды.
“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру" АҚ жай акцияларын кері сатып алу Биржада екі кезеңмен өткізілді, осы сауда-саттықтар аясында 84 АҚШ доллары бағасымен 336 584 акция жалпы сомасы 28,3 млн АҚШ долларына (баламасы 9,0 млрд теңге) кері сатып алынды. Сондай-ақ компания өзінің 62,0 млн ЖДҚ 14 АҚШ долларынан жалпы сомасы 868,0 млн АҚШ долларына (277,3 млрд. теңге) кері сатып алды.
Акциялар нарығындағы инвесторлардың құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ:басым бөлігін жеке тұлғалар құрады, олардың үлесі 53,3 % құрады. Бөлшек инвесторлардың тұрақты қызығушылығымен қатар, жеке тұлғалардың атынан ашылған шоттардың саны да өсті. 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың атынан ашылған 116 824 жеке шоты тіркелді, бұл көрсеткіш 2018 жылдың басындағы көрсеткіштен 7,6 мың шотқа артық, ал 2017 жылдағы өсім +3,9 мың шот болған. Екніші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) үлесі 1,1 %, брокеров-дилерлердің үлесі 22,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың еншісінде 7,3 %, өзге заңды тұлғалардың еншісінде — 15,7 % болды. Резидент еместердің қатысу үлесі 10,4 % құрады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 6,6 % өсіп, 2 304,94 нүктеге жетті. Есептік кезең барысында KASE Индексінің өкілетті тізімінің себетінен “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру" АҚ және “Астана Банкі” АҚ жай акциялары шығарылып, “Банк ЦентрКредит” АҚ жай акциялары енгізілді.
KASE Индексінің өкілетті тізімінің акциялары арасындағы өсім көшбасшысы “Қазақтелеком” АҚ жай акциялары болды, олардың бағасы 63,4 % немесе 12 994 теңгеге өсіп, бір акцияға 33 499 теңгені құрады. 2018 жылдың екінші жартысында Теле2-Алтел бірлескен кәсіпорнының кірістер алуы туралы және, 21 желтоқсанға дейін аяқталған, “Кселл” АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу және осы компания акцияларының 75 % сатып алу мәмілесінен күтілімдер туралы жаңалықтар тұсында, компаниялар акцияларының баға белгілеулерінің айтарлықтай өсімі көзге түсті. Мәміле аясында “Қазақтелеком” АҚ TeliaCompany меншігіндегі “Кселл” АҚ акцияларының 24 % және Fintur Holdings B.V. меншігіндегі осы акциялардың 51 % сатып алды.
Акциялар құнының өсімі көрсеткіші бойынша екінші орында “Қазақстан халық жинақ банкі” АҚ. Жылдың қорытындысы бойынша компания акцияларының бағасы 21,6 % немесе 17,82 теңгеден бір акцияға 100,41 теңгеге дейін өсті. Акциялар құнының өсімі банк кірістерінің рекордтық мәндері тұсында, сондай-ақ екі ірі банк Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ және “Казкоммерцбанк” АҚ бірігуінен кейінгі бизнестің қарқындауын күту тұсында болды. 2018 жылдың 01 маусымында банк 2015 жылдан бері алғашқы рет 2017 жылға бір акцияға 6,31 теңгеден дивиденд төледі.
Өсім көшбасшыларырың арасында үшінші орынға иеленген “Банк ЦентрКредит” АҚ акциялары болды, олардың бағасы 18,7 % немесе 36,97 теңгеге қымбаттап, бір акцияға 234,21 теңгені құрады. Акциялар бойынша ралли 2018 жылдың 24 қаңтарында басталды. Баға белгілеулердің өсімі мәмілелердің өскен көлемдерімен қосарланып, нақты факторлармен негіделген жоқ, алайды банк акционерлерінің ауысуы туралы жаңалықтың алдында болды.
Жылдың қорытындысы бойынша тек KAZ Minerals PLC акцияларының бағасы төмендеп, 33,4 %-ға немесе 1 270,00 теңгеге арзандап, бір акцияға 2 530,00 теңгені құрады, бұл негізінен компанияның Чукоткадағы Баим мыс-алтын кен орнын сатып алуын инвесторлар негативті бағалауымен және мыстың 2018 жылдың жазында бағасы 20 %-ға құлауымен байланысты болды.
Акциялар нарығының капитализациясы жыл барысында 10 % төмендеп, 15,5 трлн теңгені құрады, бұл 2017 жылдың шілде айынан бастап минималды мән болып табылады. Капиталға айналудың соншалықты елеулі төмендеуі “Казкоммерцбанк” АҚ және “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру" АҚ жай акцияларының делистингімен байланысты.
KASE тізімдеріндегі акциялар атауларының саны, эмитенттердің санымен қатар, 2018 жылы тарихи максималды мәніне жетті — ттиісінше 130 және 113, соның ішінде листингілік емес сауда-саттық алаңында — үш компанияның үш атаудағы акциялары. Өткен кезеңде KASE ресми тізіміне 18 компанияның 21 акциясы енгізілді, соның ішінде, бұрын Биржаның тізіміне енгізілмеген 13 жаңа эмитенттің 14 шығарылымы, және листингілік емес алаңда екі компанияның акциялары. Өткен жылмен салыстырғанда акциялар саны 10 атауға, эмитенттер саны 7 компанияға артты.
Корпоративтік облигациялар
Корпоративтік облигациялар нарығындағы сауда-саттықтардың көлемі 2 309,4 млрд теңгеге жетті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе артқан, тарихи максималды мән болып табылады. Мәмілелер көлемінің өсімі бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да байқалды.
Орташа күндік көлем 9 387,9 млн теңге (қайталама нарықта — 1 834,2 млн теңге) деңгейінде қалыптасты, мәмілелердің орташа күндік саны — 9, бір мәміленің орташа көлемі — 1 048,3 млн теңге (қайталама нарықта — 218,4 млн теңге).
Барлығы есептік жылда 24 эмитент 1 858,2 млрд теңге тартты, нарықтық мөлшерлемелер жылдық 8,5–13,5 % диапазонында құбылды. Жалпы орналастырулардың ең үлкен үлес — 30,7 % және 24,2 % — “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ және “Проблемалық несиелер қоры” АҚ облигацияларының шығарылымдарына тиесілі, олардың сомалары тиісінше 570 млрд теңге және 450 млрд теңге болды. Осы облигацияларды капитализацияны есептеуге қосу осы көрсеткішті 21 % ұлғайтып, 10,8 трлн теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы сауда-саттықтардың көлемі 56 % артып, 451,2 млрд теңге. Инвесторлардың негізгі санаттары бойынша жалпы брутто-айналымның ең үлкен үлесі заңды тұлғалардың — 51,6 % және екінші деңгейдегі банктердің — 34,1 % еншісінде болды, олар негізінен облигацияларды өтеуге дейін ұстау үшін сатып алды. 2017 жылдағыдай, қайталама нарықта ікір мәмілелер орын алды, алайда олардың есептік жылда қаржы құралдары бойынша көлемнің шоғырлануы төмен болды.
Таза бағасы бойынша есептелетін, KASE_BMC индикаторының динамикасын ескерсек, корпоративтік облигациялар нарығының қалыптасуын екі кезеңге бөлсе болады. Есептік жылдың басынана бастап қыркүйек айына дейін KASE_BMC индикаторы тұрақты өсім көрсетті. Оң динамиканы теңге бағамының салыстырмалы тұрақтылығымен және инфляцияның бірте-бірте төмендеуімен қамтамасыз етілді, бұл Ұлттық Банкіне базалық мөлшерлемені жылдың басындағы 10,25 %-дан маусым айында 9,0 % дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сәуір айында басталған, сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы теңгенңғ волатильділігін арттырып, проинфляциялық тәуекелдерді күшейтті. Осыға байланысты Қазақстанның қаржылық реттеушісі 15 қазанда бағалық мөлшерлемені 25 б.н. жылдық 9,25 % дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Осы деңгейдегі базалық мөлшерлеме есептік жылдың аяғына дейін қолданыста болды. Теңгенің әлсіздеуі және базалық мөлшерлеменің көтерілуі қыркүйек айында KASE_BMC индикаторының күрт құлауымен көрініс алды. Есептік жылда жалпы базалық мөлшерлеменің 1,00 % төмендеуіне қарамастан, KASE_BMY корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы 79 б.н. өсіп, жылдық 11,14 % жетті. Корпоративтік облигациялардың кірістілік көрсеткішінің өсуі доллар / теңге жұбы бағамының тарихи максимумға дейін күрт өсуімен байланысты болды, соның салдарынан теңгелік активтер жаппай сатылып, корпоративтік бағалы қағаздардың бағасы құлады.
Корпоративтік облигациялар секторында 2018 жылдағы маңызды уақиғасы 17 қыркүйектен бастап Т+2 сызбасы бойынша АҚШ долларымен есеп айырысатын еурооблигациялардың сауда-саттықтарының іске қосылуы болды. Еурооблигациялармен жасалған мәмілелер бойынша көптарапты-неттинг жүргізіліп, сондай-ақ қамтудың бірыңғай пулы қолданылады, оған 21 атаудағы еурооблигация енгізілді.
Есептік жылдың соңында KASE сауда-саттық тізімдеріне 62 эмитенттің 247 атаудағы облигациясы енгізілді. 2018 жылы листинг процедурасынан 26 эмитенттің 41 облигациялар шығарылымы, соның ішінде алты жаңа эмитенттің жеті шығарылымы, өтті.
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Биржадағы МБҚ сауда-саттықтарының көлемі 1 644,8 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 17,2 % төмендеді.
Сауда-саттықтардың орташа күндік көлемі 6 686,3 млн теңгені (қайталама нарықта — 3 217,0 млн теңге) құрады, мәмілелердің орташа күндік саны — 6, бір мәміленің орташа көлемі — 1 166,5 млн теңге (қайталама нарықта — 634,1 млн теңге) болды.
Бастапқы нарықтағы МБҚ сауда-саттықтарының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 50,8 % төмендеп, қайталама нарықтағы белсенділік үш есе артты. 2018 жылы орналастырулардың көлемі 853,4 млрд. теңгені құрады, оның 98,1 млрд. теңгесін төрт облыстың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы шегінде жылдық 0,35 % тартты. Шымкент қаласының әкімдігі жылдық 9 % 10 млрд. теңгеге нарықтық орналастыруды жүзеге асырды. Қаржы министрлігінің қаржы тартуының көлемі жылдық 8,4–8,7 % 745,4 млрд. теңгені құрады.
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша ЕДБ үлесі — 1,0 %, брокер-дилерлердің еншісінде — 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі — 85,9 %, өзге заңды тұлғалардың үлесі — 13,0 % құрады.
Қайталама нарықтағы сауда-саттықтардың көлемі 2017 жылдағы 252,8 млрд. теңгеден 791,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Ұлттық Банктің ноталарының сауда-саттықтарының үлесі сауда-саттықтардың жалпы айналымынан 85,5 % құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылы 79,9 % құраған, мұндлай динамика бірінші кезекте аталмыш қысқа мерзімді борыштық қаржы құралдарының айналыстағы саны ұлғаюымен байланысты. Осылайша, 2017 жылы ноталардың айналыстағы орташа мәні 2,9 трлн теңге деңгейінде болса, 2018 жылы ол 31 % артып, 3,8 трлн теңгеге жетті.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша ЕДБ үлесі — 63,9 %, брокер-дилерлердің еншісінде — 2,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі — 17,9 %, өзге заңды тұлғалардың үлесі — 15,9 %, жеке тұлғалардың үлесі — 0,3 % құрады. Резидент еместердің қатысуы 1,5 % құрады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
Есептік жылда халықаралық қаржы ұйымдары бағағалы қағаздарныың нарығы дамуға жаңа импульс алды. Ресми тізімге Еуразиялық даму банкінің бес шығарылымы және Халықаралық қаржы корпорациясының екі шығарылымы енгізілді.
ЖБарлығы жылдың соңында сауда-саттық тізімдерде үш халықаралық қаржы ұйымның облигацияларының 14 шығарылымы болды: Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Халықаралық қаржы корпорациясы.
Сауда-саттықтардың жиынтық көлемі 101,0 млрд. теңгені құрады.
Бастапқы нарықтағы сауда-саттықтардың көлемі 100,6 млрд. теңгеге жетті. Жыл барысында Еуразиялық даму банкі жалпы 90 млрд теңге тартты, оның ішінде үш жылдық облигацияларының үш шығарылымын 9,1 %-бен 50 млрд. теңгені, бес жылдық облигациялардың бір шығарылымын жылдық 9,5 %-бен 20 млрд. теңгені және төрт жылдық облигациялардың бір шығарылымын 9,7 %-бен 20 млрд. теңгені тартты. Халықаралық қаржы корпорациясы, өтеу мерзіміне дейін төрт жыл және 7,5 жыл, қамтамасыз етілмеген борыштың амортизацияланатын жаһандық ноталарын жылдық 8,3 %-бен орналастырып, 10,6 млрд. теңгені тартты.
Қайталама нарықтың көлемі 421,1 млн теңге көлемінде қалыптасты.
Барлығы нарықтың осы секторында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша ЕДБ шоттарына — 22,2 %, брокер-дилерлердің еншісінде — 1,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі — 68,4 %, өзге заңды тұлғалардың үлесі — 8,2 % құрады. Нарықтың осы сегментіндегі жеке тұлғалардың үлесі 0,1 % жетер-жетпес болды.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары
Нарық үшін 2018 жылдың маңызды уақиғасы жаңа қаржы құралы — KASE индексіне ETF акциялары болды. 14 желтоқсаннан бастап Биржада есептесуі Т+2 сызбасы бойынша FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегацияланған қосалқы қордың акцияларымның (IE_FXBF) сауда-саттықтары ашылды. Осы қаржы құралы инвестордың портфелін артық шығынсыз әртараптандыруды қамтамасыз етеді, себебі бір уақытта ең өтімді акцияларды қамтиды. Осының алдында 16 қазанда осы қаржы құралының сауда-саттықтары Мәскеу биржасында ашылған.
Есептік кезеңнің соңында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторында алты компанияның басқаруындағы жеті қаржы құралы болды. Аяқталған кезеңде сауда-саттық көлемі 434,0 млн теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 58,7 % төмен көрсеткіш.
Көлем бойынша көшбасшы “Сентрас Секьюритиз” АҚ басқаруындағы CSECfe үлеспұлдарды болды, олармен көлемі 275,7 млн теңгеге 71 мәміле жасалды, екінші орында — State Street Global Advisors басқаруындағы үлеспұлдар, көшбасшылар үштігіне FinEx FFIN KazakhstanEquity ETF қосалқы қорының акциялары кірді.
2018 жылы сауда-саттықтардың брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың үлесі айтарлықтай төмендеп, 2017 жылдағы 51,8 %-дан 33,0 % түсті, брокерлік-дилерлік компаниялардың және өзге заңды тұлғалардың үлестері 1,1 % және 47,0 %-дан тиісінше 16,9 % және 50,1 %-ға дейін өсті.