Клирингілік қызметті дамыту

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру

2018 жылдың 01 маусымынан бастап Биржа, қор нарығында нарықтық тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін, жаңа механизм — шоғырлану шектелімін іске қосты, бұл репо операциялары бойынша, сауда-саттыққа қатысушысында қандай да бір атаудағ акциялармен мәмілелер шоғырланған жағдайда туындайтын, міндеттемелерді орындамау тәуекелін шектеуге мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздың стандартты құбылмалығы шегіндегі баға бойынша сатылуы мүмкін немесе репо операциясының заты ретінде шығынсыз қолданылуы мүмкін, бағалы қағаздардың максималды көлемін анықтау үшін, акциялардың үшін Т+2 сызбасы бойынша саудалау үшін қолжетімді әр атаудағы акция үшін ай сайын есептеледі:

  1. шоғырлану шектелімі — Т+0, Т+2 нарықтарында, Bloomberg ақпараттық агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, шетелдік нарықтарда белгілі бір қаржы құралы бойынша орташа күндік сауда-саттықтар күннің көлемінің, сондай-ақ осы бағалы қағаз солардың нысаны болып табылатын, тікелей репо, авторепо, неттингпен репо ашылу мәмілелері бойынша орташа күндік сауда-саттық көлемдерінің көлемдерінің сомасына тең, үлкендік;
  2. шоғырлану мөлшерлемесі — тәуекел көкжиегі (15 күн) және сенім деңгейі 99,97 % жоғары бағалы қағазқдың құбылмалығы ретінде.

Бағалы қағаздар бойынша шоғырлану шектелімдері мен шоғырлану мөлшерлемелерінің мәндері ай сайын есептеліп, әр күнтізбелік айдың 15-шң жұлдызында қолданысқа енгізіледі, бағалы қағаздар бойынша шоғырлану мөлшерлемелері Биржаның интернет-сайтында, олардың қолданысқа енгзілу күніне екі күн бұрын жарияланады. Күн сайын әр күннің басында Биржа сауда-саттыққа қатысушысының акцияның әр атауы бойынша ашылған жайғасымын анықтайды.

Жоба бойынша жұмыс аясында Биржа өзінің ақпараттық жүйелеріне өзгертулер енгізді, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарына түзетулер енгізді, атап айтқанда Репо операцияларын жүзеге асыру ерелері мен Автоматты репо нарығының маманданымы.

Қаржы құралдарын есептесудің Т+2 сызбасына көшіру

2018 жылы Биржа қазақстандық биржалық нарықта клирингілік қызметті әрі қарай дамытуды жалғастырды, атап айтсақ, есептесуі Т+2 сызбасы қолданылатын сауда-саттықтар жүргізілетін, қаржы құралдарының тізімін кеңейту арқылы.

Есептік жылы Т+2 есеп айырысу циклы МБҚ қайталама биржалық нарығына да қолдаылды, алайды, МБҚ-мен Т+2 сызбасы бойынша жасалған мәмілелер бойынша қамтудың жеткіліктігі, сондай-ақ неттинг пен клиринг жүргізілген жоқ. Есеп айырысулар мәмілелер “мәміледен кейін мәміле” тәртіптемесінде жасалғаннан кейін екінші жұмыс күнде жүзеге асырылды, ал қандай да бір қатысушының мәміле бойынша өз міндеттемесін орындау үшін актив жеткілікті бомаған жағдайда, осындай мәміле Ұлттық Банктің есебінен, осындай мәмілені орындауға келісім беру шартымен, орындалуы мүмкін болды.

Сондай-ақ, МБҚ бастапқы нарығы үшін Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттық өткізу мүмкіндігі енгізілді, осы сызба Т+0 сызбасы сияқты МБҚ эмитентінің немесе арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың ұйымдастырушысының таңдауымен аукциондар өткізуде қолданылуы мүмкін.

Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттық пен есептесулерді жүргізудің тәртіптемесін іске қосу жобасы 2015 жылы басталды. Осы сәттен бастап Биржа қаржы құралдарының топтарын жаңа сызбаға жоспарлы түрле ауыстыра бастады, KASE Индексінің акцияларынан кейін өтімділігі бірінші кластағы акциялары болды, содан кейін, шетел валютасында номинацияланған, еурооблигациялар, және 2018 жылы Барлық МБҚ.

Валюталық нарықтағы Орталық контрагент (ОК)

2018 жылдың 01 қазанынан бастап KASE шетел валюталарының биржалық нарығында ОК функцияларын атқаруға кірісті. Нарықтың осы сегментінде ОК функцияларын енгізудің мақсаты — қандай да бір сауда-саттыққа қатысушысының жасасқан мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда осы сегменттің қатысушыларына олардың осы мәмілелер бойынша талаптарының оорындалуын биржалық кепілдемелер беру. KASE шетел валюталарының нарығында ОК енгізу осы биржалық нарықтың жалпы дамуына ықпал ететін, осы нарықтың сенімділігі мен өтімділігін арттыруға бағытталады.

Осы жоба бойынша жұмыстар 2016 жылы басталды, жоба аясында:

  • заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге және Биржаның ішкі құжаттарына өзегертулер енгізілді;
  • KASE қолданыстағы сауда-клирингілік жүйесінің негізінде, клирингілік қатысушының маржалық қамтуының жеткіліктілігін бақылауды қамтамасыз ететін, тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді;
  • Әр қатысушының ағымдағы нетто-жайғасымын, мааржалық қамтуының құнын, сондай-ақ маржалық талаптардың құнын, он-лайн тәртіптемесінде көрсететін, клирингілік қатысушыларға арналған WEB-модуль әзірленді;
  • Клирингілік қорлардың мөлшерін анықтау әдістемесі әзірленді;
  • Клирингілік қатысушылардың және клирингілік қорлардың қамтуларын инвестициялау саясаты әзірленді;
  • Жаңа тарифтік саясат әзірленді.

Қатысушылар санынынң ұлғаюмен байланысты, әлеуетті тәуекелдерді ескере отырып, KASE тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру есебінен валюталық нарықтағы тұрақтылықты қолдайды, бұл жүйенің элементтер:

  • клирингілік қатысушының қаржылық жағдайына қойылатын талаптар;
  • мәмілелерді орындау бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету әдісін анықтайтын, клирингілік қатысушылардың санаттарына белгілеу;
  • қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау жүйесі;
  • клирингілік қатысушылар үшін қамтудың жеткіліктілігін бақылау;
  • клирингілік қатысушылар қамтуының құнын және нетто-жайғасымдарын қайта бағалау;
  • клирингілік сақтық және кепілдік қорлар;
  • клирингілік қатысушылардың кепілдік жарналарының жеткіліктілігін күн сайын бақылау.

ОК дамуының жуырдағы жалдарға перспективалары, Мәскеу Биржасының сауда-клирингілік кешенін енгізуге, соның ішінде, қамтуды басқарудың және қор нарығы мен ақша нарығы үшін тәуекел-менеджментінің бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған, 2018 жылдың 10 қазанындағы KASE және MOEX арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімді іске асырумен байланысты.

Мәскеу Биржасының сауда-клирингілік жүйесін өтумен бірге KASE қор нарығында ОК қызметтерін көрсетуді жоспарлап отыр.