2016-2018 Даму стратегиясының миссиясы, мақсаты және негізгі бағыттары

Биржаның 2016-2018 жылдарға арналған Даму стратегиясымен анықталған негізгі мақсаттар қазақстандық нарықты дамытуға және биржалық инфрақұрылымды жақартуға бағытталған. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері төменде берілген.

Миссиясы

Отандық мемлекеттік және жекеменшік секторлардың компанияларының қаржыландыру тартуына технологиялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету және жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін сенімді, тұрақты және айқын инвестициялық ортаны қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына себептесу.

Мақсаттары

Техникалық модернизация, маркетингілік белсенділікпен, ашық ақпараттық саясатпен және инвесторлар мен бағалы қағаздардың эмитенттерінің мүдделеріне мұқияттылықпен бір кешенде, биржалық нарықтың көлемінің және өтімділігінің өсуіне, сондай-ақ қор нарығының қаржы құралдары арқылы бизнесті қаржыландыру үлесін арттыруға жеткізеді.

2016-2018 Стратегиясының негізгі бағыттары

  1. Биржалық нарықты дамыту.
    • Қор нарығына жаңа эмитенттерді тарту
    • Инвесторлық дерекқорды кеңейту
    • Валюталық нарықты дамыту
    • Клирингілік қызметті дамыту
  2. Биржаның және оның қызметтерінің клиенттерге бағытталуын арттыру.
    • Нарыққа қатысушылармен және Биржа мүшелерімен жұмыс жүргізу
    • Корпоративтік интернет-сайтты дамыту
    • Биржаның имиджін жақсарту және оның қызметі туралы ақпараттандырылуды арттыру
    • Қызметтер сапасын арттыру
  3. Биржалық бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
    • Ақпараттарды алға тарту және сату
    • IT-жүйелерді дамыту
    • Операциялық тәуекелдерді басқару жүйесінің модернизациясы