Операциялық және қаржылық нәтижелер

Активтер

KASE активтерінің құрылымы, %

2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Биржаның активтеріKASE тобының 2018 жылға аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігіне сәйкес 51 583,8 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 415,3 % (41 574,3 млн теңгеге) артық.

Активтерінің елеулі өсуі Биржа 2018 жылдың 01 қазанынан бастап шетел валюталарының биржалық нарығында орталық контрагент функциясын атқара бастағанымен шартталды, Биржа биржалық сауда-саттықтарда жасалған барлық биржалық мәмілелер бойынша әр қатысушы үшін тарап болып, нетто-негізде олардың орындалуын кепілдейді.

Активтердің құрылымында ақша және олардың баламасы 102,8 млн теңгеден 26 720,5 млн теңгеге дейін өсті, бұл негізінен кепілдік клирингілік қатысушылардың Биржаның шоттарында тұрған, жарналары мен биржалық мәмілелердің қамтулары есебінен болса, бағалы қағаздар портфелі 4 156,1 млн-нан 18 593,2 млн теңгеге дейін аталмыш қаржыларды ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына инвестициялау есебінен болды.

Міндеттемелер мен капитал

Биржаның міндеттемелерінің көлемі 40 674,3 млн теңгеге ұлғайып, 42 671,8 млн теңгені құрады, олардың 91,7 % (39 141,4 млн теңге) клирингілік қатысушылардың алдындағы міндеттемелер болып табылады (кепілдік жарналар мен қамтулар).

Биржаның меншікті капиталы есептік жылда, үлестірілмеген кіріс бабында көрсетілген, таза пайда есебінен 11,2 % (900,0 млн теңгеге) өсіп, 8 912,0 млн теңгені құрады. Меншікті капиталдың пассивтердегі үлесі 17,3 % құрады. Биржаның жарғылық капиталының мөлшері өзгерген жоқ, дивидендтер төленген жоқ.

2018 жылы Биржа өзінің Директорлар кеңесінің шешімі негізінде меншікті акцияларын акционердың жүгінуімен 62,1 млн теңге сомасына кері сатып алды. Өзге қорлар 1 510 млн теңгеге ұлғайып, үлестірілмеген кіріс есебінен қалыптасатын, клирингілік сақтық қорлар есебінен 1 750 млн теңгені құрады.

Негізгі қаржы құралдарын қайта бағалауға резервтер қайта бағалау сомасын, 1,2 млн теңгеге амортизациялау есебінен 179,9 млн теңге болды.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері

Кірістер

Биржаның кірістері 2018 жылдың қорытындысы бойынша 3 080,9 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 559,3 млн теңгеге 22,2 % артық. Қызметтер мен комиссиялардан түскен кірістер 2 360,8 млн теңгені құрап, 421,3 млн теңгеге 21,7 % артты, пайыздық кірістер 117,4 млн теңгеге немесе 21,2 % көбейді.

Пайыздық кірістердің өсуі инвестициялайтын қаржылардың көлемі өсуі есебінен болды.

Биржаның кірістерінің құрылымында ең үлес комиссиялық алымдардан (42,1 %), листингілік алымдардың (30,4 %) және мүшелік жарналардан (14,4 %) түскен кірістердің еншісінде.

Биржаның комиссиялық алымдары 993,7 млн теңгені құрап, 305,9 млн теңгеге енемесе 44,5 % артты. Аталмыш өсім корпоративтік облигациялар нарығында белсенділіктің күшеюімен және репо операцияларының нарығында сауда-саттықтардың көлемінің өсуімен байланысты болды.

Биржаның листигілік алымдары 2018 жылы 64,0 млн теңгеге немесе 9,8 % өсіп, 718,2 млн теңгеге жетті. Мұндай өсім бағалы қағаздар шығарылымының көлемдерінің өсуімен, сондай-ақ АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты болды.

Мүшелік жарналар бойынша кірістер 2017 жылмен салыстырғанда 19,5 млн теңгеге немесе 5,4 % азайып, 340,5 млн теңгені құрады, бұл жағдай Биржаның "валюталық" және "қор" санаттары бойынша мүшелерінің саны азаюмен байланысты – KASE мүшелерінің жалпы саны өткен жылда 56-дан 52 ұйымға дейін азайды.

Бұдан басқа, KASE валюталық нарықтағы ай сайынғы мүшелік жарнаның мөлшерлемелерін төмендетумен қатар, нарықтың осы сегментінде клирингілік комиссияларды енгізді. Осылайша мүшелік жарналардың азаюы клирингілік алымдардың өсуімен еселенді.

Биржаның клирингілік алымдары 73,4 млн теңгені құрап, жоғарыда көрсетілген себеппен, бір жылда 71,4 млн теңгеге артты.

Аөпараттық қызметтер көрсетуден түскен кірістер 2018 жылы 8,8 млн теңгеге немесе 4,2 % азайып, 203,8 млн теңге болды. Бұл биржалық ақпаратты алушылар санының азаюымен тікелей байланысты.

Негізгі қызметтер бойынша кірістердің құрылымы

Шығындар

Жылдың қорытындысы бойынша Биржаның шығындары 1 938,68 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 322,71 млн теңгеге немесе 19,9 % көбейген. Осындай өсім негізінен персоналға шыққан шығындардың және тиісті салықтардың, бизнесті дамытуға шыққан шығындардың ұлғаюымен байланысты.

Биржаның шығындарының құрылымында ең үлкен үлек персоналға шыққан шығындар (63,2 %), тозу мен амортизация (6,8 %).

Биржаның операциялық қызметінің нәтижелері

2018 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның кірісі 965,31 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 21,8 % артық. EBITDA 24,8 % артып, 1 298,35 млн теңгені құрады. Биржаның операциялық кірісі 22,2 % артты, бұл ретте операциялық кірістер 19,9 % көбейді, операциялық маржаСалық салғанға дейінгі кірістің операциялық кірістерге қатынасы 37,1 % дейін ұлғайды, бұл көрсеткіш 2018 жылы 35,9 % құраған. Таза кірістің маржасыТаза кірістің операциялық кірістерге қатынасы шамамен сол деңгейде қалып, 31,3 % құрады, өткен жылы 31,4 % болған.

Капиталдың рентабельділігі (ROE) 2018 жылдың қорытындысы бойынша 10,4 %-дан 11,4 % дейін өсті. Активтердің рентабельділігі (ROА) 8,9 %- дан 3,1 %-ға дейін төмендеген, оның себебі жоғарыда аталмыш активтердің ұлғаюы болды.

KASE операциялық қызметінің көрсеткіштері