Басқарма төрағасының үндеуі
Құрметті акционерлер мен серіктестер!
2018 жыл серпінді әрі қызықты жыл, алға қойған мақсаттарға жету, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға негіздер қалау жылы болды.
Жағымды макроэкономикалық жағдай сақталып, барлық қатысушылар үшін қаржыландыру құнының төмендеуі орын алды. Осының арқасында қор нарығында рекордтық нарықтық көрсеткішке қол жеткіздік. Бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық көлемі 40 % өсіп, 4,9 трлн теңгені құрады, соның ішінде акциялар мен корпоративтік облигациялар нарықтындағы сауда-саттық көлемі 2 есе өсті. KASE индексі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 7 % өсіп, 2 304,94 нүктеге жетті.
2018 жылы KASE бағалы қағаздардың ресми тізіміне 46 эмитенттің 71 қаржы құралы, соның ішінде. Бұрын листингілік компания болмаған, 20 жаңа эмитенттің 22 қаржы құралы енгізілді. KASE тізімдеріндегі акциялардың атауларының саны, олардың эмитенттерінің санымен қатар, 2018 жылы тарихи максималды мәндерге — тиісінше 130 және 113 жетті. 2018 жылы “Қазатомөнеркәсіп” АҚ ұлттық компаниясының ІРО болып өтті, осы эмитенттің акцияларының сауда-саттығы 2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. Желтоқсан айында KASE индексіне алғашқы үлеспұлдық биржалық инвестициялық қордың (ETF) акцияларының сауда-саттықтары ашылды. KASE сауда-саттық алаңына ETF рұқсат ету бастамасшысы “Фридом Финанс” АҚ болды.
Қор нарығындағы бөлшек инвесторлардың шоттарының саны 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша 116 824 жетіп, бір жылда 7 579 шотқа ұлғайды. Бөлшек инвесторлардыңқатысу үлесі акциялар нарығында 50 % асып, қор нарығында қосымша өтімділігін арттырды.
2018 жылы Биржа үш жылдық даму стратегиясын іске асыруды аяқтады, оның мақсаттары биржалық нарықты дамыту, Биржаның және оның қызметтерінің клиенттерге бағытталуын және биржалық бизнестік бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылды.
Стратегия аясында, ең бастысы биржада жұмыс істегуе жеке бизнесті тартуға бағытталған, іс-шаралар жүргізіліп, альтернативті сауда-алаңы құрылып, тарифтер қайта қаралды. Биржа, капиталдың көздеріне рұқсаттамаларды қалыптастыру және стартап жобаларын қаржыландыру саласында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында, KASE Startup сауда-саттық алаңын құруды бастамалады. Бизнес субъектілерінің кең ауқымын қамтуға ұмтыла отырып, Биржа KASE Private Market сауда-саттық алаңын іске қосты.
Алға қойған мақсаттарға бірте-бірте беттей отырып, Биржа инвесторларға олардың инвестициялық таңдауларына сәйкес келетіндей қаржы құралдарын таңдауға мүмкіндік берді. Осылайша есептесуі АҚШ долларымен еурооблигациялардың және депозиттік қолхаттардың сауда-саттықтары іске қосылды. Аталмыш қаржы құралдарымен басқа Т+2 сызбасы бойынша есеп айырысуға МБҚ нарығының қаржы құралдары да ауыстырылды. Бүгінгі таңда Биржадағы қаржы құралдарының линейкасы бес валюталық жұп, акциялар мен облигациялар, МБҚ, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың құралдарынан тұрады. Бүгінгі таңда барлығы 800 астам қаржы құралы Биржада саудаланады.
Өткен жылдың ең маңызды жобасы 2018 жылдың қазан айында валюталық нарықта Орталық контрагент қызметін іске қосу болды. Бұл Қазақстандағы биржалық нарықтың дамуының жаңа кезеңі Биржаның қор нарығының инфрақұрылымы қызметінің халықаралық стандарттарына жақындатады және, сауда-саттыққа қатысушылардың тәуекелдерін азайта отырып, капиталдың шетелдік қатысушыларын тартуға мүмкіндік туғызады. KASE бұл жобаның іске асырылуын 2019-2020 жылдары жалғастырып, қор нарығында және репо операциялары нарығында Орталық контрагент қызметтерін іске қосады.
Биржаның стратегиясын іске асыру шегінде және стратегиялық серіктесті тарту мақсатында, Биржа Мәскеу биржасымен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. МОЕХ биржасымен ынтымақтастық биржалық сервистің дамуы үшін елеулі әлеует беріп, Биржаның сауда-клирингілік жүйелерін модернизациялауға, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, қазақстандық және ресейлік сауда-саттыққа қатысушыларына және инвесторларына екі елдің нарықтарына өзара рұқсаттама беруге бағытталған. МОЕХ сауда-саттық жүйелері KASE нарыққа қатысушыларға жаңа қаржы құралдарын және есептесулердің жаңа әдістерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Өткен жылдың ең жанға жағымды сәті Биржаның 25-жылдығын атап өту болды. Ширек ғасырда KASE, қатысушыларға валюталық, қор, мерзімдік және ақша нарығының түрлі қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізуге арналған толық инфрақұрылымды ұсынатын, валюталық сауда алаңынан бірегей әмбебап биржаға айналды.
Мерейтойға орай Биржа жыл бойы бір қатар іс-шаралар өткізді: KASE Тalks ашық лекцияларының циклы басталып, осы лекциялар 2019 жылы жалғастырылды, “Болашақ құрылу тарихы” кітабы жарық көрді, осы басылымда “KASE: тұлғалы тарих” online жобасына нарыққа қатысушылардың берген сұхбаттары жиналды, алғашқы Қазақстандық биржалық форум болып өтті және KASE мұражайы ашылды. Осы іс-шаралар шегінде қоғам, серіктестер және қор нарығының кәсіби қатысушылары естеліктерімен және республиканың қор нарығының қалыптасуы және оның дамуына ықпал еткен негізгі факторлар туралы ақпаратпен бөлісті.
Стратегияның табысты іске асырылуы мен жаңа қызметтердің іске қосылуы арқасында Биржаның операциялық кірісі есептік жылдың қорытындысы бойынша 3 105 млн теңге деңгейінде қалыптасты, бұл оның алдындағы жылдың нәтижесінен 23,1 % артық. Қызметтер мен комиссияларда түскен пайда 21,7 % артып, 2 361,0 млн теңгені құрады, пайыздық кірістер 21,2 % ұлғайды.
Болашақта қор нарығын дамыту бойынша белсенді жұмысымызды жалғастырамыз, ақпараттық технологиялардың можернизациясын жүзеге асырып, клиенттерімізге қызметтердің жаңа түрлерін ұсынамыз.
Акционерлерге, кәсіби қатысушыларға, клиенттерге және серіктестерге конструктивті ынтымақтастығы, қолдау көрсеткені және сенім білдіргені үшін алғысымызды айтамыз.