Шетел валюталарының нарығы
2018 жылы шетел валюталарының нарығындағы сауда-саттықтардың көлемі 13,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 9,1 %, немесе 1,1 трлн теңгеге артық болды. Жылдың басынан бастап шетел валюталарының нарығында барлығы 34 KASE мүшесі қатысты. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 54,7 млрд. теңгеге (2017 жылға +8,7 %) жетіп, орташа күндік мәмілелердің саны – 316 (2017 жылдан -33), бір мәміленің орташа көлемі – 172,8 млн теңге болды.
АҚШ доллары. Есептік жылдың бірінші жартысында ұлттық валюта, әдеттегі маусымдық динамиканы көрсете отырып, долларға қатысты бірте-бірте нығайды. Оған себепкер болған экспортерлердің салық төлеу кезеңі де, Brent маркалы мұнай бағасының тұрақты өсуі болды.
Ең алғашқы елеулі сыртқы шок АҚШ тарапынан сәуір айының басында Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізуі болды. Сәуірдің 05-нен 11-не дейін доллар / рубль валюталық жұбының бағамы 8,5 % өсті. Рубльдің долларға қатысты әлсіздеуі KASE нарығында USD / KZT валюталық жұбының баға белгілеулерінің 3,5 % өсуімен және RUB / KZT баға белгілеулерінің 6,4 % түсуімен көрініс алды. Содан кейінгі теңгенің бірте-бірте әлсіздеуі дамып келе жатқан нарықтардан капиталдың ағылуы тұсында өтті, бұл АҚШ федералды резервінің монетарлық саясатының күшеюімен байланысты болды.
Ресейге қарсы санкцияларының кеңеюі тамыз айында сәуірдегі нарыққа қатысушыларының ұқсас реакциясына әкеп соқтырды. Бағамдарға ықпал етудің қосымша факторы, төрт жылдан астам уақыттан беру максимумына жеткен, мұнай бағасының қазан айының басындағы күрт құлап, аюлар нарығының фазасына ауысты.
Валюталық нарық тарапынан проинфляциялық тәуекелдері тежеу үшін Ұлттық Банк 15 қазанда базалық мөлшерлемені 25 б.н. көтеріп, жылдық 9,25 % деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады 2018 жылдың соңғы тоқсаны бағамдардың кенет ауытқуысыз өтті. Алайда жаңа жыл қарсаңында Биржадағы шетел валюталарының айырбастау бағамдары қайта көтерілді. Осылайша, 2018 жылдың соңғы сауда-саттық күні доллар / теңге жұбының жаңа тарихи максимумға жетумен аяқталды – екі сессияның нәтижесі бойынша Биржада бір доллардың орташа сараланған бағасы 384,20 теңгені құрады (алдыңғы рекорд 2016 жылдың 21 қаңтарында тіркелді – 383,91 теңге).
Ресей рублі. Рубльдің сауда-саттықтарының көлемі 71,4 % азайып, 10,7 млрд рубль болды. Көлемдердің азаюы ең басты 2017 жылдың жоғарғы базасының эффектімен байланысты. Қатысушылар белсенділігінің төмендеудің қосымша факторы теңгенің айырбастау бағамдарының және доллар / рубль жұбының артқан турбуленттілігі болып, долларға қарай назарды тартты. Осылайша, рубльмен жасалған мәмілелердің саны 1 546 болды, бұл 2017 және 2016 жылдардағы мәмілелер санынан тиісінше 764 және 1 198 мәмілеге аз. Рубльдің сауда-саттықтарына 20 Биржа мүшесі қатысты, ал өткен жылы олардың саны 21 болған.
Қытай юані. Нарыққа қатысушылар юаньнің сауда-саттығына қызығушылығы арта түсуде. Мәмілелердің көлемі екі есеге артып, 218,0 млн юаньді құрады. Мәмілелер саны 341 төмендеп, 545 мәміле жасалды, алайды мәміленің орташа көлемі үш есе ұлғайып, бір мәмілеге 400,0 мың юаньді құрады.