Ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Биржаның тиісті қызметі 2017-2018 жылдары Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін азайтуға және Биржаның ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін өткізді.

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі негізгі бақылаулар мен басқару процестері қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандарттарға, оның ішінде ISO 27001 және ҚРҰБ нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес пысықталды.

Құпия ақпараттың таралып кету қаупін төмендету үшін сыни ақпаратқа қол жеткізуді логикалаудың, шектеудің және бақылаудың қосымша тетіктері енгізілді.

Биржаның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын ықтимал кибершабуылдардан қорғау деңгейін арттыру мақсатында Биржаның есептеу желісі мен ақпараттық жүйелерінің кибершабуылдардан қорғалу жағдайын тексеру кешені өткізілді, олар ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және олар көрсететін қызметтерді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Тексеру нәтижелері бойынша АТД-мен бірлесіп Биржаның есептеу желісінің архитектурасын, биржа периметрін қорғауды жүзеге асыратын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл биржа желісінің қорғалу деңгейін айтарлықтай арттыруға және ықтимал кибершабуылдардың тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Биржаның физикалық қауіпсіздік процестері айтарлықтай жақсарды, атап айтқанда, өткізу режимінің жаңа ережелері, күзетілетін аймақтар мен үй-жайлардың жай-күйін көзбен шолып және объективті бақылауды қамтамасыз ету ережелері регламенттелді және бекітілді.

Барлық іс-шаралар жиынтығы Биржаның ақпараттық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жақсартуға және ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берді.