Ақша нарығы
Ақша нарығындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 19,3 % немесе 26,2 трлн теңгеге төмендеп, 109,5 трлн теңгені құрады. Осы көрсеткіштің төмендеуі валюталық своптардың сауда-саттықтарының көлемдері валюталық своп сауда-саттықтарының көлемдерінің күрт құлауымен байланысты болды.
Репо операциялары
Репо нарығындағы сауда-саттықтар бірқалыпты тәртіптемеде банктік секторда теңгелік өтімділіктің сақталған артылуының ықпалымен өтіп жатты. Осы сегменттергі сауда-саттықтардың көлемі 75,9 трлн теңге болып, айлар бойынша біркелкі болып бөлінді: сауда-саттық көлемінің жылдық өсімі жылдық 2,8 % немесе 2,1 трлн теңгені құрады, сауда-саттықтардың орташа күндің көлемі 308,4 млрд. теңгені (өткен жылдың көрсеткішіне +2,4 %) құрады. Сауда-саттықтардың салыстырмалы тұрақты көрсеткіштері тұсында, 2018 жылы нарыққа қатысушылар бағалы қағаздар кепілімен ұзағырақ уақытқа қор жасауды дұрыс көрді. Репо операцияларыны мерзімдері бойынша ортала сараланған көлем 21,7 % артып, 2,16 күнге жетті, ал 2017 жылы осы көрсеткіш 1,78 күнді құраған. Ұзартулар мен жайғасымдарды мерзімнен бұрын жабуларды ескерумен, репо операцияларының мерзімдері бойынша нақты орташа сараланған көлем 2018 жылы 2,52 күнді құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылы 2,27 күн болған.
Репо ашылу мәмілелері бойынша жалпы көлемнің 98,0 % МБҚ себетімен авторепо мәмілелерінің еншісінде болды. МБҚ себетімен авторепо операциялары нарығының ең көп қолданылатын қаржы құралы мерзімі бір күндік репо операциясы болып қалды. Осындай мерзімге жасалған мәмілелердің үлесі МБҚ себетімен авторепо нарығындағы сауда-саттықтардың жалпы көлемінде 86,1 % құрайды.
Барлығы 2018 жылы репо нарығындағы мәмілелерде 47 Биржа мүшесі қатысты. Осы сегменттегі сауда-саттықтың жалпы айналымының 84 % астамы банктердің еншісінде. Резидент еместердің қатысу үлесі айтарлықтай болған жоқ, 0,2 % құрады.
Бір жұмыс күндік репо ашылу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме болып табылатын, TONIAиндикаторы 106 б.н. төмендеп, жылдық 8,26 % жетті. Ал мерзімі жеті жұмыс күндік репо ашылу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлемені көрсететін, TWINA индикаторының мәні 158 б.н. төмендеп, жылдық 8,27 % құрады.
Валюталық своп операциялары
Валюталық своп операцияларының нарығындағы сауда-саттық көлемі 45,6 % төмендеп, 33,7 трлн теңгені құрады. Операциялардың орташа күндік көлемі 136,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 45,9 % төмен. Валюталық своп нарығындағы қаржы құралдар құрылымында сауда-саттықтардың жалпы көлемінің 74,5 % (25,1 трлн теңге) екі күндік валюталық своптардың (USDKZT_0_002) сауда-саттықтардың еншісінде болды.
2018 жылдың 09 сәуірінен бастап Биржада жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды: Қытай Халық Республикасының юані / қазақстандық теңге валюталық жұбына қатысты валюталық своп операциялары (CNYKZT_0_001 мен CNYKZT_0_002) және ресейлік рубль / Қазақстандық теңге (RUBKZT_0_001 мен RUBKZT_0_002).
20 қыркүйектен бастап Еуразиялық даму банкіне RUBKZT_0_001 қаржы құралы бойынша Биржадағы маркет-мейкер мәртебесі берілді. Қыркүйек және қазан айларында RUBKZT_0_001 қаржы құралымен төрттен мәмілелер жасалып, олардың жалпы сомасы 219,5 млн теңге болды.
Ақша-несиелік саясаттың трансмиссиялық механизмінің тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ туынды қаржы құралдары нарығынығ дамуы үшін, Ұлттық Банк 2018 жылдың сәуір айында мерзімі бір күндік валюталық своп операцияларын Биржаның сауда-саттық алаңында өтімділікті беру, сондай-ақ алу бойынша жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Өтімділікті алу LIBOR бір күндік мөлшерлемесін қолдаумен — Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі + жылдық 2 % жүзеге асырылады. Нәтижесінде, SWAP-1D (USD) бір күндік долларлық своптың кірістілігі 2017 жылмен салыстырғанда шыған шектерде болып, ал жылдың соңында 246 б.н. төмендеп, жылдық 7,43 % түсті. SWAP-2D (USD) индикаторы да 365 б.н. төмендеп, жылдық 7,38 % құрады.