Нарықтық ақпаратты алға бастыру
2018 жылы “Райффайзенбанк” АҚ коммерциялық банкі және StatproCanadaInc аналитикалық компаниясы KASE ақпараттық қызметтерін алуға келісім-шарттар жасасты. Нәтижесінде биржалық ақпаратты 13 вендор таратады.
Биржаның интернет-сайты арқылы нақты уақыт тәртібінде сауда-саттықты қарауға жазылушылар саны 161 жазылушыны құрайды.
2017 жылдың тамызында Биржаның Директорлар кеңесі операциялық және әкімшілік шығындарды оңтайландыру мақсатында “ИАФР “Ирбис” ЖШС (бұдан әрі осы бөлімде — Агенттік) тарату және биржа агенттігінен ақпарат тарату бойынша функцияларды беру туралы шешім қабылдады. 2018 жылы “ИАФР “Ирбис” ЖШС және “IRIS Finance” бағдарламалық өнімінің KASE-ге қызмет көрсетуге жазылушылардың аударымы аяқталды. Нәтижесінде KASE ақпараттық қызметтеріне 21 компания қол қойды. 2018 жылдың 24 желтоқсанында Биржа ресми түрде Агенттікті жою туралы жариялады.
Есепті жылы KASE акционерлердің жиналысы, купон төлеу, дивидендтер төлеу, өтеу, кері сатып алу, орналастыру, сплит, дефолт, акционерлер құрамының өзгеруі және т. б. сияқты оқиғалар туралы ақпаратты қамтитын “Корпоративтік оқиғалар” ақпараттық өнімін іске қосты.
KASE биржалық ақпаратты ұсыну бойынша сервис сапасын арттыру мақсатында техникалық инфрақұрылымды жетілдірумен үздіксіз айналысады, сондай-ақ жаңа ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру бойынша жұмыс істейді. Стратегияны іске асыру кезеңінде биржалық ақпараттың алты таратушысы — CitigroupGlobalMarketsLtd, S&P GlobalInc (former SNL), StatproCanadaInc, “ФридомФинанс” АҚ, “AtamekenBusinessChannel” ЖШС, “Райфайзенбанк” АҚ тартылды. Олардың үшеуі KASE-нің серіктесі Вена қор биржасы (WBAG) тартқан.
2016 жылы құрлықтық Қытай аумағында ақпараттық өнімдерді жылжыту мақсатында China Investment Information Services limited (CIIS) — мен ынтымақтастық орнатылды.
KASE биржалық ақпаратты ұсыну бойынша сервис сапасын арттыру мақсатында техникалық инфрақұрылымды жетілдірумен үздіксіз айналысады, сондай-ақ жаңа ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру бойынша жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін бес жаңа ақпараттық өнім іске қосылды:
- Non-display / Туынды ақпарат
- Анықтамалық ақпарат
- Биржа мүшелеріне ақпарат беру
- KASE жаңалықтары
- Корпоративтік оқиғалар
2017 жылы Telegram — бот @KASEInfoBot қосымшасында KASE ақпараттық сервисі іске қосылды. Арна валюталық және қор нарықтары туралы ақпаратты, индикаторлардың мәні туралы ақпаратты, сондай-ақ дивидендтер туралы ақпаратты қамтиды. 2019 жылдың 01 қаңтарына оның пайдаланушылар саны 2 900 адамды құрады.