Корпоративтік басқару
Акционерлер туралы ақпарат
2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Биржаның жарияланған акцияларының жалпы саны 5 млн дана болғды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған, 13 329 акциясын Биржа кері сатып алды, 51 тұлға Биржаның акционері болып табылады, соның ішінде банктер, брокерлік ұйымдар, бөлшек инвесторлар — жеке тұлғалар. Биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 50,1 % Ұлттық Банктің еншісінде болды.
Акционерлердің жалпы жиналысы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы Биржаның жоғарғы басқару органы болып табылады. Акционерлердің құзіреттілігіне жатқызылған сұрақтардың тізімі Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңымен және Биржаның жарғысымен белгіленген.
2018 жылдың 30 мамырында акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастырды:
- Директорлар кеңесінің үш сайналбайтын мүшесі (уәкілетті орган және “алтын акцияның” иесі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі және Биржа Басқармасының Төрағасы лауазымы бойынша);
- үш Биржаның тәуелсіз директоры;
- үш Биржа акционерлерінің мүдделерін өкілдеушілер.
KASE Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі Биржаның басқару органы болып табылып, Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар” заңымен және/немесе Биржаның жарғысымен Биржа акционерлерінің жалпы жиналысының құзіреттілігіне жатқызылған сұрақтар бойынша шешімдер қабылдаудан басқа, Биржа қызметіне жалпы жетекшілік етеді.
2018 жылы KASE Директорлар кеңесінің отырыстары Директорлар кеңесі туралы қағидаға сәйкес тұрақты негізде өткізіліп тұрды. Қажетіне қарай Директорлар кеңесі кезектен тыс отырыстар да өткізілді.
Есептік кезеңде Директорлар кеңесінің отырыстарында стратегиялық сұрақтармен қатар, оның құзіреттілігіне жатқызылған Биржаның қызметіне қатысты ағымдағы сұрақтар қаралды. Қаралған сұрақтар мен олар бойынша қабылданған шешімдер мен, оның мүшелерінің сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған, шешімдері Биржаның Директорлар кеңесінің отырыстары хаттамаларында көрсетілген.
Есептік жылда Биржаның Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес, 24 көзбе-көз және Директорлар кеңесі мүшелерінің 14 сырттай дауыс бергенотырысы өтәп, Биржаның ішкі қызметін реттейтін 48 құжат, соның ішінде Биржаның ішкі құжатына енгізілген түзетулер бекітілді.
Директорлар кеңесінің құрамына 2018 жылы келесі тұлғалар кірді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Бағалы қағаздар нарығы туралы” заңына сәйкес уәкілетті органның өкілдері
Құрманов Жанат Бостанұлы
(Директорлар кеңесінің төрағасы) — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
Мұхамеджанов Әділ Нұрланұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры;
Биржаның жарғысы негізінде атқарушы органның жетекшісі
Алдамберген Алина Өтемісқызы
KASE Басқармасының Төрайымы;
Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына сәйкес басқару органына сайланатын мүшелер
Әбдіразақов Елдар Советұлы
“СентрасСекьюритиз” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
Аюпов Талғат Жолдасбекұлы
“Қазақстан Халық Банкі” АҚ Қазынашылығының директоры;
Дамитов Қадыржан Қабдөшұлы
KASE тәуелсіз директоры
Директорлар кеңесінің мүшесі — “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ тәуелсіз директоры;
Кышпанаков Виктор Алексеевич
“Банк ЦентрКредит” АҚ еншілес ұйымы “BCC Invest” АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары;
Марич Игорь Леонидович
KASE тәуелсіз директоры.
“Московская Биржа ММВБ-РТС” КАҚ Басқарма мүшесі — Ақша және мерзімдік нарықтар бойынша басқарушы директор;
Ташметов Мирлан Жапарбекұлы
KASE тәуелсіз директоры.
Директорлар Кеңесі жанындағы биржада аса маңызды мәселелерді қарау және Директорлар кеңесіне ұсыныстар дайындау үшін Директорлар Кеңесінің келесі комитеттері және биржа комиссиялары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына сәйкес:
- Бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі Директорлар кеңесінің комитеті;
- Ішкі аудит жөніндегі Директорлар кеңесінің комитеті;
- Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Директорлар кеңесінің комитеті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес биржада мыналар әрекет етеді:
- Листингілік комиссия;
- Эмитенттердің қаржылық есептілігі және аудиті бойынша Директорлар кеңесінің комитеті.
Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртібіне сәйкес даулар мен жанжалдарды шешу жөніндегі Комиссия жұмыс істейді.
Биржаның Директорлар кеңесі комитеттерінің және комиссияларының құрылу және жұмыс істеу тәртібі олардың саны, сондай-ақ олардың құзыреті, функциялары, сандық құрамы Директорлар кеңесі бекітетін қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.
2018 жылы өткізілді:
- Бюджет және стратегиялық жоспарлау бойынша Биржаның Директорлар Кеңесі Комитетінің 16 отырысы;
- кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Биржаның Директорлар кеңесі Комитетінің 12 отырысы;
- Ішкі аудит бойынша Биржаның Директорлар Кеңесі Комитетінің 11 отырысы;
- Листингілік комиссияның 13 отырысы, сондай-ақ осы комиссияның 21 сырттай дауыс беруі;
- қаржылық есептілік және эмитенттердің аудиті жөніндегі комитеттің бес отырысы.
2018 жыл ішінде Директорлар кеңесі Биржаның корпоративтік басқару кодексінде, Биржаның жарғысында және Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген мақсаттарға, міндеттерге және функционалдық міндеттерге, соның ішінде Биржаның 2018 жылдың жағымды қаржылық нәтижелеріне әсер етті.
Биржа Басқармасы
Басқарма Биржаның алқалық атқарушы органы болып табылады және Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңымен және биржа жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының және/немесе Биржаның Директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Биржаның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Биржа Директорлар Кеңесінің 2017 жылғы 20 шілдедегі шешімімен KASE басқарма мүшелерінің өкілеттігі 2020 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.
Биржа Басқармасының Құрамы:
Алдамберген Алина Өтемісқызы — Басқарма Төрайымы;
Сабитов Идель Марсильевич — Басқарма Төрайымы орынбасары;
Турмагамбетов Кайрат Жумабекович — даму жөніндегі басқарушы директор;
Хорошевская Наталья Юрьевна — Басқарма Төрайымы орынбасары;
Цалюк Андрей Юрьевич — Басқарма Төрайымы орынбасары.
Сыйақылар туралы ақпарат
Директорлар кеңесі мен Биржа Басқармасының мүшелеріне сыйақы және шығын өтемақысын төлеу олармен жасалған келісім-шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған басшы қызметкерлердің сыйақы мөлшері тиісті қаржы жылына сәйкес Биржаның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты Директорлар Кеңесінің мүшелеріне қатысты акционерлердің жалпы жиналысымен және Басқарма мүшелеріне қатысты Директорлар Кеңесімен анықталады.
Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру
Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына, Биржаның жарғысына және Директорлар кеңесі туралы Ережеге сәйкес:
- Директорлар кеңесі мүшелерінің ай сайынғы сыйақысы Биржа акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен анықталады;
- Директорлар Кеңесінің кез келген мүшесінің жылдық сыйақы мөлшері сыйақы беру жүзеге асырылатын жылдың барлық айлары үшін Директорлар кеңесінің осы мүшесіне төленген ай сайынғы сыйақының жалпы сомасының 85 % — ынан аспауы тиіс;
- жылдық сыйлықақылы сыйақы есепті қаржы жылында Директорлар кеңесі отырысының, Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс берулері, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Биржаның басқа да тұрақты жұмыс істейтін комитеттері мен комиссияларының отырыстарының 50 % кем емес мүшесі болған Директорлар Кеңесінің мүшелеріне төленбейді.
2018 жыл ішінде Биржаның Директорлар Кеңесінің мүшелеріне 47 879 434 (қырық жеті миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың төрт жүз отыз төрт) теңге төленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйақы ала алмайтын тұлғаларға жататын Биржаның Директорлар кеңесінің Мүшелеріне сыйақы белгіленбейді және төленбейді:
- “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабы 4-тармағы және Биржа жарғысының 17-бабы 3-тармағы 1) тармақшасы негізінде Директорлар кеңесінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдеріне;
- Биржа жарғысының 17 бабы 3 тармағының 2) тармақшасы негізінде, лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің құрамына кіретін, Биржа Басқармасының Төрағасына.
Биржа Басқармасы мүшелеріне сыйақы беру
Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына, Биржа жарғысына және Басқарма туралы Ережеге сәйкес:
- Басқарма мүшесінің лауазымдық жалақысының ай сайынғы мөлшері Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады;
- Басқарма және Биржа қызметінің нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі есепті жылдағы Басқарма мүшелерінің жылдық сыйақы мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдайды;
- Басқарма мүшелерінің жылдық сыйлықақы сыйақысы мөлшері есепті жыл ішінде басқарманың әрбір мүшесінің жұмысын бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады;
- Директорлар кеңесі Басқарма мүшесіне бір жолғы төлеу туралы шешім қабылдай алады.
2018 жыл ішінде Биржа Басқармасының мүшелеріне 195 665 726,91 (жүз тоқсан бес миллион алты жүз алпыс бес мың жеті жүз жиырма алты) теңге 91 тиын төленді.