Негізгі ақпарат

“Қазақстан қор биржасы” АҚ (KASE немесе Биржа) көпфункциялы сауда-саттық алаңы болып табылады.

KASE қызметтеріне бағалы қағаздардың листингі және басқа да қаржы құралдарын айналысқа жіберу, қаржы құралдарының маманданымына сәйкес келетін, сауда-саттықтың түрлі әдістерін қолданумен қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастыру, сауда-саттықтың алдындағы және содан кейінгі процедураларды ұсыну, бағалы қағаздарды орналастыруда букраннер функциясын атқару, кейбір биржалық нарықтарда клиринг пен есеп айырысуларды жүзеге асыру, нарықтың тәуекелдерді басқару, сондай-ақ нарықтық ақпаратты сату және технологиялық шешімдерді жеткізу болып табылады.

Биржа өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырады:

  1. 2012 жылдың 19 шілдесіндегі Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүзеге асыруға № 4.2.3/1 лицензиясы келесіге құқықтар береді:
    • бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ұйымдастыру бойынша қызмет;
    • бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдармен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызмет.
  2. 2018 жылдың 05 қыркүйегіндегі ұлттық және шетел валютасындағы банктік операцияларды жүргізуге № 4.3.8 лицензия.

KASE шетел валютасы мен деривативтер нарықтарында орталық контрагент функциясын атқарады.

2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Биржаның тізімдерінде 160 эмитенттің бағалы қағаздары болды, олардың ішінде Қазақстан республикасының мемлекеттік сыңайлы сектордың ірі компаниялары, банктер мен жекеменшік компаниялар.

Қазақстан Республикасының лицензияланған екінші деңгейдегі 28 банктердің 25, барлық лицензияланған брокерлік ұйымдары, екі шетелдік брокерлік компания және екі халықаралық қаржы ұйымдары Биржа мүшесі және биржалық сауда-саттықтарға қатысушысы болып табылады.

KASE инвесторларға және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына нақты уақыттағы биржалық ақпаратты, мұрағаттық және анықтамалық мәліметтерді қамтитын, ақпараттық өнімдердің кең спектрын ұсынады.