Стратегиялық серіктестік
2018 жылғы 10 қазанда KASE мен MOEX стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім MOEX сауда-клирингілік жүйелерін сатып алуды және KASE капиталындағы MOEX үлесін сатып алуды көздейді.
KASE және MOEX мақсаттарға қол жеткізу үшін Келісімді және табыстарын ұлғайту ынтымақтастықты дамытуға бағытталған:
- KASE нарықтарының, клирингтің, тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыру және жаңа биржалық құралдарды құру мақсатында МОЕХ сауда-клирингілік жүйелерін ұсыну;
- KASE қор және ақша нарықтарында ОК іске қосу, пайдаланылатын құралдар мен сервистердің тізбесін кеңейту;
- KASE нарығын дамыту, биржалық сауда-саттық көлемін ұлғайту және сауда-саттыққа қатысушылардың шеңберін кеңейту;
- сауда-саттыққа қатысушылар мен инвесторлардың KASE және MOEX биржалық нарықтарына өзара қол жеткізуін қамтамасыз ету, KASE және MOEX биржалық нарықтарына халықаралық инвесторларды тарту;
- KASE жария компания мәртебесін алу және KASE акцияларын ІРО өткізу бойынша MOEX тәжірибесін пайдалану.
2019 жылдың 29 қаңтарында Биржа және MOEX тараптар қол қойған стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру аясында KASE 32 360 акциясын сату бойынша мәміле жасады. Мәміле қорытындысы бойынша Биржа капиталындағы MOEX үлесі орналастырылған акциялардың 3,32 % - ын құрады.