Корпоративтік интернет сайтты дамыту

2016-2018 стратегиясын іске асыру кезеңінде корпоративтік сайтты жаңғыртуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Ресми интернет-сайттың жаңа нұсқасы 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап іске қосылды. 2018 жылы жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілді — сайттың жұмыс қабілетін тестілеу және жаңа бөлімдерді өсіру. 2018 жылы жаңа биржалық жобалар аясында сайтта келесі міндеттер жүзеге асырылды:

  • бағам түзу тәртібінің өзгеруіне байланысты шетел валюталары нарығы бойынша беттерді жаңарту;
  • шығарылым валютасындағы еурооблигациялар сауда-саттығының іске қосылуына байланысты құралдардың жаңа беттерін құру;
  • жаңа ақпараттың пайда болуына, атап айтқанда, сауда-саттық жүйесіне қосылған кезде өзгеріске, “Жиі қойылатын сұрақтар” бөлімінде ақпаратты жаңартуға байланысты сайт беттерінде мазмұнды қосу";
  • “Компаниялардың ақпаратты ашуы “бөлімін құру”;
  • “Баяндамалар мен презентациялар” және "Нарық шолулары" бөлімдерінде ақпараттық-талдау материалдарын үнемі жариялау.