Қор нарығына жаңа эмитенттерді тарту
Ұйымдастырылған нарықта қаржыландыру тарту бойынша қазақстандық компаничлар үшін жағымды жағдайлар жасаумен қатар, Биржа қор нарығы, корпоратвитік басқару және инвесторлармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша кәсіпкерлермен ақпараттандыруды және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарып, іс-шаралар өткізді. Барлық іс-шараларды Биржа бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен, халықаралық қаржылық және қаржылық емес ұйымдарымен, “Атамекен” ҰКП, ұлттық даму институттарымен, “Даму” қорымен, KazakhExport, ҚҚА, облыстық жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да үұйымдарымен тығыз байланыста өткізілді.
Қазақстанның өңірлерінде кәсіпкерлермен жеке кеңес берушілік сессиялары мен көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Биржа отандық компаниялар туралы мәліметтерді жинау, жүйелендіру және талдау жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Бастапқы кезеңде компаниялар туралы ашық ақпараттар негізінде мақсатты топ анықталып, олардың листингілік ережелерге сәйкестігіне және қаржыландыру тартуға болжамды мұқтажына алдын ала талдау жасалды. Әлеуетті эмитенттердің дерекқорында 1 072 компания туралы мәліметтер жиналған.
2018 жылы қазақстандық компаниялардың жетекшілерімен және меншік иелерімен 70-тен астам кездесулер өткізіліп, осы кездесулер барысында қор нарығының ағымдағы трендтері назарларына ұсынылып, қаржыландыру тарту мүмкіндіктері мен қор нарығының қаржы құралдары арқылы уақытша бос өтімділікті инвестициялау туралы ақпараттар берілді. Қазақстанның өңірлерінде қор нарығының құралдарын қолдану сұрақтары бойынша “дөңгелек үстел” түрінде алты іс-шара ұйымдастырылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ресми тізіміне 20 жаңа эмитенттің, яғни, Биржада бұрын бағалы қағаздары ешқашан саудаланбаған компаниялардың, бағалы қағаздары енгізілді, олардың ішінде 13 эмитенттің акциялары, 6 эмитенттің облигациялары және бір инвестициялық қор бағалы қағаздарының эмитенті, осылардың ішінде Қазақстанның өңірлерінен екі эмитент тартылды.
Стратегияны іске асыру кезеңі барысында Биржаның қызметкерлері отандық қор нарығына компанияларды тарту үшін 200-ден астам жеке кеңес берушілік кездесулер өткізді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 100-ден стам компания қор нарығында қаржыландыру тартуға қызығушылық білдірді. Нәтижесінде үш жылда 55 жаңа эмитент тартылып, KASE сауда-саттық тізімдері 58 жаңа қаржы құралымен толықтырылды.
Кәсіпкерлердің және тұрғындардың қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылуын арттыру
2016 жылдан бастап Биржа қаржылық сауаттылықты және қор нарығы сұрақтары бойынша хабардарлықты арттыру үшін оқу бағдарламаларын өткізу бойынша қызметін белсендірді. Оқу бағдарламаларын Биржа семинарлар форматында немесе кәсіпкерлерге арналған, қор нарығы, корпоративтік басқару және инвесторлармен өзара әрекеттесу негіздері бойынша дөңгелек үстелдер түрінде өткізді. Биржаның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Биржа мүшелерінің және халықаралық қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың өкілдері, корпоративтік басқару және инвесторлармен өзара әрекеттестік саласындағы консалтингілік компаниялардың өкілдері, халықаралық ақпараттық-талдамашылық және рейтингілік агенттіктердің өкілдері іс-шаралардың спикерлері болды.
Нарыққа қатысушылар, листингілік компаниялардың инвесторлармен және басқа да мүдделі тұлғалармен коммуникацияларын жақсарту мақсатында Биржа “Эмитент күні” іс-шарасын ұйымдастырып өткізеді. Есептік жыл барысында осындай төрт іс-шара барысында институтционалдық инвесторлардың және акционерлердің “Кселл” АҚ, “KEGOC” АҚ, “Қазақстанның даму Банкі” АҚ және “ҚазАгроҚаржы” АҚ жетекшілігімен кездесулері өткізілді. Кездесу барысында ағымдағы жобалар, компанияның операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері талқыланды.
“PG Communications” ЖШС және “Global PR & IR Advisory EM” компаниясымен бірлесе отырып, “Көкейкесті сұрақтар: компанияны басқару жүйесінде PR және IR атқаратын рөлі мен орны” дөңгелек үстелі форматында білім беру іс-шарасы өткізілді. “Bloomberg Finance L.P.” компаниясымен берлесіп, дөңгелек үстел форматында “Bloomberg Day on KASE” оқу бағдарламасы өткізілді.
Кәсіпкерлермен қарым-қатынас жасаудың тағы бір форматы іскери таңғы астар, бұл бизнес өкілдерімен тікелей диалог болып табылады. 2018 жылы өңірлердің ірі компаниялар жетекшілерінің, шағын және орта бизнес өкілдері мен Биржаның серіктестерінің қатысуымен Ақтау және Астана қаласында осындай іс-шаралар болып өтті.
2016-2018 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі облыс орталықтарында бес іскери таңғы астар ұйымдастырылып, облыстық әкімдіктерде және “Атамекен” ҰКП 21 дөңгелек үстелрдер форматында кездесулер өткізілді, 10 листингілік компанияға арналған “Эмитент күні” іс-шарасы өткізілді, Алматы және Астана қалаларында Даму қорының және Атамекен ҰКП қолдауымен кәсіпкерлерге арналған қор нарығының негіздері бойынша сегіз оқу семинары өткізілді.
Бар-жоғы үш жылда қор нарығының сұрақтары, инвесторлармен өзара әрекеттесу және коорпоративтік басқару мәселелері бойынша әлеуетті және листингілік компаниялар үшін 24 оқу бағдарламасы өткізілді.
Листингтің трансформациясы
2017 жылы Биржа бағалы қағаздардың ресми тізімінің трансформациясы және листингілік бағалы қағаздар мен олардың рұқсаттама бастамашыларына қойылатын талаптарды реформалау бойынша жобаны аяқтады. 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап Биржаның ресми тізімінде үш сауда-саттық алаңы — “Негізгі” (ірі компаниялар үшін), “Альернативті” — (шағын және орта бизнес үшін) және “Аралас” (МБҚ, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары, пайлары және акциялары, туынды және исламдық бағалы қағаздар) қызмет ете бастады. “Альтернативті” сауда-саттық алаңының бағалы қағаздары мен эмитенттері үшін листингілік талаптар айтарлықтай жеңілдетілген, ақпараттар ашу бойынша талаптар тек қазақстандық заңнамада белгіленген шектерде ғана қойылып, листингілік алымдардың мөлшері елеулі төмендетілген.
Трансформация нәтижесінде Биржа инвесторлар, эмитенттер және басқа да мүдделі тұлғалар үшін ресми тізімнің айқынырақ, түсінікті және ыңғайлы құрылымына ие болды, салыстырмалы шағын компаниялардың қор нарығына рұқсаттамасын жеңілдетіп, жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту бойынша тиімдірек стратегиясын жүргізуге мүмкіндік алды.
2019 жылдың 01 қаңтарында жағдай бойынша альтернативті сауда-саттық алаңындағы сауда-саттықтарға 44 эмитенттің 47 атаудағы акциялары және 17 эмитенттің 21 облигациялар шығарылымы айналысқа жіберілді.