Валюталық нарықты дамыту

Валюталық нарықты дамыту аясында Биржа келесідей бағыттарда іс-шараларды іске асырды.

Брокерлерге валюталық нарықтардағы биржалық сауда-саттықтарға қатысуға құқық беру

2016 жылы Биржа брокерлік ұйымдарға биржалық валюталық нарыққа тікелей рұқсаттама беру бойынша жобаны бастамалады. Осы жоба аясында 2017 жылы Биржа Қазақстанның Ұлттық Банкімен, ҚҚА, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және брокерлік ұйымдардың өкілдерімен брокерлік ұйымдарға валюталық нарықтардағы сауда-саттыққа рұқсаттама берудің түрлі нұсқаларды әзірледі.

Брокерлік ұйымдарға валюталық нарықтағы биржалық сауда-саттықтарға қатысуға құқық беруді ұйымдастыруға қатысты тиісті түзетулер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 03 ақпанындағы № 9 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ережелеріне енгізілді. Түзетулер 2018 жылдың 22 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді. Брокерлік ұйымдарға Биржадағы шетел валюталарының сауда-саттықтарына рұқсаттама алу үшін қажет: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды өткізуге лицензиясын алу; “валюталық” санаты бойынша KASE мүшесі мәртебесін алу процедурасынан өту. Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағидаға сәйкес, брокерлік ұйым үшін “валюталық” санат бойынша кіру мүшелік жарнасы 1 500 АЕК, ай сайынғы мүшелік жарна “валюталық” санат бойынша — 25 АЕК мөлшерін құрайды. Бұдан басқа, брокерлік ұйымның шетел валюталарымен жасалған операциялар бойынша KASE комиссиялық алымы әр мәміленің сомасынан 0,0005 % көлемінде белгіленген.

Жаңа қаржы құралдарын қолданысқа енгізу

Нарыққа қатысушылармен тұрақты кездесулер өткізу нәтижесінде және есеп айырысудың мерзімдерін ұзартуға сұранымның айқындалуына байланысты шетел валюталары және валюталық своп операуциялары нарығында жаңа қаржы құралдары қолданысқа енгізілді:

  • 20 ақпаннан бастап есептесуі Т+1 теңгемен ресей рублі (RUBKZT_TOM) және есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің и юанем Т+1 в теңге (CNYKZT_TOM);
  • 09 сәуірден бастап Қытай Халық Республикасының юані / қазақстандық теңге (CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002) валюталық жұбына қатысты валюталық своп, ресей рублі / қазақстандық теңге (RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002) валюталық жұбына қатысты валюталық своп және есептесуі теңгемен Т+2 ресей рублі (RUBKZT_SPT) бойынша валюталық своп операциялары.

CNY/KZT валюталық своп операцияларының сауда-саттықтары таңертеңгі сауда-саттық сессиясының аясында, қалғандары — күндізгі сауда-саттық сессиясы аясында сағат 11:30 ден 15:30-ға дейін өткізіледі.

Шығарылым валютасында сауда-саттық жүргізуге ауысу

2018 жылы, шетел валютасында деноминацияланған, KASE бірқатар қаржы құралдары, теңгемен есептесумен қатар, АҚШ долларымен есептесуге қолжетімді болды.

2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE есептесуі АҚШ долларымен еурооблигациялардың сауда-саттықтарын іске қосты. Осы жобаның мақсаты, валюталарды айырбастау бойынша қосымша процедураларсыз, шетел валютасында номинацияланған, борыштық бағалы қағаздардың сауда-саттығы мен есеп айырысуларына рұқсаттама беру болып табылады.

Қазіргі кезде, шетел валютасында номинацияланған, листингілік борыштық бағалы қағаздар Биржада Т+0 сызбасы бойынша қазақстандық теңгемен есептесумен және өтінім беру және мәміле жасасу сәтіне дейін активті толық депозитке салу қажеттілігісіз саудаланады. Есептесуі АҚШ долларымен еурооблигациялардың сауда-саттықтары сауда-саттық жүйесінің бөлек нұсқасында есептесудің Т+2 сызбасы бойынша және сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша клиринг жүргізумен жүзеге асырылады. Осы сызба жартылай қамтумен мәміле жасасуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, мәміле бойынша есеп айырысу үшін активті жеткізуді сауда-саттыққа қатысушылар есеп айырысу күні (мәміле жасақаннан кейін екінші күні) 17.00-ге дейін қамтамасыз етеді.

Т+0 сызбасы бойынша қазақстандық теңгемен есептесетін еурооблигациялар бойынша сауда-саттықтар бұрынғы тәртіптемеде жалғасты. Осылайша, 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап, АҚШ долларында номинацияланған, листингілік еурооблигациялармен мәмілелер жасасудың екі тәртіптемесі қолжетімді: есептесуі АҚШ долларымен Т+2 сызбасы бойынша клирингті қолднумен, сондай-ақ Т+0 сызбасы бойынша есептесуі қазақстандық теңгемен “мәміледен кейін мәміле” тәртіптемесінде. Қазіргі уақытта Биржа солармен клирингілік қызметті жүзеге асыратын, Қаржы құралдардың тізіміне 20 атаудағы листингілік халықаралық облигациялар енгізілген. Іске қосы сәтінен бастап 31 желтоқсанға дейін, АҚШ долларымен есеп айырысу жүргізілген, 39 мәміле жасалды, олардың жалпы сомасы 4,3 млн АҚШ долларын немесе 1,3 млрд теңгені құрады.

2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Биржада, базалық активін “Қазатомөнеркәсіп” АҚ жай акциялары құрайтын, жаһандық депозиттік қолхаттардың АҚШ долларымен сауда-саттықтары ашылды.