Биржа мүшелері

2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша 52 компания бір немесе бірнеше санат бойынша KASE мүшесі болды, соның ішінде: 29 компания валюталық санат бойынша, 45 — қор санаты бойынша және 22 — деривативтер санаты бойынша мүшелік мәртебесіне иеленді.

2018 жыл барысында KASE мүшелігінен бес ұйым шығарылды. Мүшеліктен шығарудың себебі қаржы ұйымдарының бірігу арқылы ерікті қайта ұйымдастырылуы болды — “Казкоммерцбанк” АҚ “Қазақстан халық жинақ банкі” АҚ-мен, “АСЫЛ-ИНВЕСТ” АҚ “Фридом Финанс” АҚ-мен, сондай-ақ “Эксимбанк Қазақстан” АҚ, “QazaqBanki” АҚ, “Астана Банкі” АҚ лицензиялары алынып, соңынан жойылды.

KASE мүшелігіне қор санаты бойынша “ФридомФинанс” ИК КАҚ (Ресей Федерациясы) қабылданды.