Инвесторлық дерекқорды кеңейту
Бөлшек инвесторларға арналған оқу тренингтерін өткізу
Инвесторлық дерекқорды кеңейту және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Биржа, қатысушылардың шектелмеген ортасына арналған, білім беру іс-шараларын өткізді. 2018 жылы бөлшек инвесторалар үшін “Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасайды” атты төрт семинар өткізді.
Есептік жыл барысында Биржа еліміздегі қор нарығында қаржыландыру тарту және кәсіпкерлер үшін инвестициялық мүмкіндіктер сұрақтары бойынша өңірлік инвестициялық форумдарға, тақырыптық конференцияларға және салалық көрмелерге белсене қатысты. Бір жылда Биржаның өкілдері осындай жеті іс-шараға қатысты.
Қор нарығы саласында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша KASE бастамасы аясында 2017 жылы Биржа мен Қазақстанның ЖОО арасында ынтымақтастықтың бастамасына негіз қаланды. Биржа жоо оқытушылары мен студенттері үшін білім беру дәрістерін ұйымдастыру мақсатында, 13 ЖОО өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды әзірлеп қол қойды.
2018 жылдың басынан бастап KASE мен “Самұрық-Қазына” Корпоративтік Университетінің арасында ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Корпоративтік хатшыларды сертификаттау бағдарламасы аясында бағдарлама тыңдаушылары үшін Астана қаласында қор нарығының негіздері бойынша үш семинар өткізілді. Оқу орындарымен ынтымақтастық аясында KASE олардың өткізген конференциялары мен форумдарына белсене қатысты.
2018 жылы Биржа қызметкерлері Алматы қаласы он жоғарғы оқу орындарында қонақтар дәрісімен сөз алып, студенттер үшін машықтану, өндірістік жәгне диплом алдындағы практикаларды ұйымдастыруда әрқашан қолдау көрсеткен, 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Қазақстанның ашық білім алудың ұлттық платформасы” жобасына белсенді қатысты. 2016-2018 жылдары студенттер мен оқытушыларға 30-дан астам дәріс оқылды.
Практикалық тәжірибені қалыптастыру үшін және студенттік қауымдастықтың және бөлшек инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Биржа жыл сайын “Биржалық симулятор” және “Бөлшек инвесторлар байқауы” атты екі байқау өткізеді.
“Биржалық симулятор” байқауы жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында өткізіліп, оқу сауда-саттықтарының сериясынан тұрады. Байқаудың қатысушылары үшін, ең үздік көрсеткіштерге жеткені үшін ынталандыру жүлдесінің бірі брокерлік компаниялардың бірінде машықтанудан өту болып табылады.
2018 жылы осы жобаға 35 оқу орындарының 1 290 студенті қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қаржықы ұйымдардың қолдауымен 23 студент марапатталды. Байқау барысында мәмілелердің көлемі 2,3 млрд теңгеден асып, 13 426 мәміле жасалды.
Байқау барысында Қазақстанның, қиырдағы және таяу шет елдер (Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ұлыбритания) 80 жоғарғы оқу орындарының 4 500 астам студенті.
2016 жылдан бастап Биржа “Бөлшек инвесторлардың байқауы” жобасын қайта жаңғыртты. Осы байқауға, Биржаның қор нарықтары мүшелерінің тапсырыскерлері болып табылатын, жеке тұлғалар жіберіледі. Байқауға қатысушылар байқау барысында KASE Индексінің өкілетті тізіміне кіретін акциялардың нақты сауда-саттықтарына қатысады. 2018 жылы бұл байқау 01 қарашадан 14 желтоқсанға дейін өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік кірістілік жылдық 13,7 % құрады, екінші орынға шыққан қатысушының кірістілігі — жылдық 8,6 %, үшінші орын — жылдық 8,2 %. Байқауға барлығы 200-ден астам бөлшек инвестор қатысты. Байқау барысында қатысушылар 2 588 мәміле жасасты, олардың сомасы 256 млн теңгеден асты. 2016-2018 жылдар аралығында Байқауға 3000 астам бөлшек инвестор қатысты.
Жаңа қаржы құралдарын әзірлеу және қолданысқа енгізу
Қор нарығы
Биржаның Даму стратегиясын іске асыру аясында “Коммерциялық облигациялар” жаңа биржалық өнімі қолданысқа енгізілді. Облигациялардың осы түрін листингілік компаниялар 12 айдан аспайтын мерзімге ғана шығара алады. Бұл ретте осы облигациялардың тіркеуі мен листингі жеңілдетілген процедура бойынша және төмендетілген листигілік алымдармен жүзеге асырылады, бұл компанияларға қор нарығында тез әрі арзан қысқа мерзімді қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді. Осы қаржы құралын 2018 жылы жеті эмитент қолданды. Бастапқы орналастырулардың көлемі 29,8 млрд теңге, ал орналастыру кезіндегі кірістілік жылдық 9,5 % — 11,3 % аралығында түрленді. Облигациялар қайталама нарықтарда да саудаланады, 2018 жылдағы олармен жасалған мәмілелердің көлемі 3,6 млрд теңгені құрады.
Қор нарығының қаржы құралдарын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларына енгізу мақсатында, Биржа қазақстандық компаниялармен шығарылған облигациялар бойынша купондық мөлшерлемені субсидиялау механизмін енгізу бойынша жобаны бастамалады. Даму қорымен, ҚР ҰЭМ, “Атамекен” ҰКП бірлесе отырып, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау шарасының бір нысаны ретінде қазақстандық компаниялары шығарған облигациялардың купондық мөлшерлемесін субсидиялау Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2018 жылдың 24 мамырында ҚР Кәсіпкерлік кодекске ұсынылған түзетулер қабылданды. 2018 жылдың 25 тамызында Бизнестің жол картасы-2020 және қазақстандық компаниялармен шығарылған облигациялар бойынша купондық мөлшерлемелерді субсидиялау ережелеріне тиісті түзетулер бекітілді.
Шикізаттық емес өнімнің қазақстандық экспортерлерін қолдауды жүзеге асыру мақсатында жасалған, “KazakhExport” Экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ және Биржа өзара ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында экспортерлердің қор нарығында, эмитенттердің дефолтынан “KazakhExport” сақтандырушылық қорғаумен қамтамасыз етілген, облигацияларды шығару және орналастыру арқылы, борыштық қаржыландыру тарту үшін механизм әзірленді.
ETF іске қосу
2018 жылы Биржаның сауда-саттық тізімдеріне, Ирландияның заңнамасына сәйкес тіркелген, KASE индексіне үлеспұлдық биржалық қордың (ETF) акциялары енгізілді. ETF ең өтімді қаржы құралдарының үйлестірілген портфелі болып табылады және, жеке компоненттердің тәуекелдерін тегістеуге мүмкіндік беретін және KASE индексінің динамикасын қайталайтын, инвестициялар диверсификациясының құралы ретінде қарастырылуы мүмкін. 2018 жылдың қазан айында KASE индексіне ETF сауда-саттықтары Мәскеу Биржасында басталса, 14 желтоқсанда — KASE сауда алаңында басталды.
Биржада бұл қаржы құралы инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына жатқызылып, теңгемен саудаланады. Биржадағы қаржы құралдың өтімділігін маркет-мейкер “Фридом Финанс” АҚ қамтамасыз етеді. 2018 жылдың соңына дейін KASE индексіне ETF акцияларының сауда-саттық көлемі MOEX сауда-саттықтарында 180 млн теңгеден астам, ал KASE сауда-саттық алаңында 52,5 млн теңгені құрады.
Ақпараттар ашу және айқындықты қамтамасыз ету мақсатында ESG әдістемесін енгізу
БҰҰ “Тұрақты қор биржалары” Бастамасы (Sustainable Stock Exchanges Initiative — SSE Бастамасы) аясында, 2016 жылы Биржа KASE мүшелері мен листингілік компаниялар үшін экологиялылық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару критерийлері (Environmental, Social and Governance, бұдан әрі — ESG) бойынша ақпараттар ашу әдістемесі енгізді. Әдістемені әзірлеген кезде SSE Бастамалары мен PRI Ұстанымдарының нұсқаулары зерделеніп, осы ұстанымдарды енгізудің биржалық тәжірибесі зерттелді. Дүниежүзінің ESG әдістемесін таратушы 32 биржаларының және тренингтер арқылы ESG критерийлерін алға тартатын 18 биржаларының бірі болып табылады2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер.
2017 жылдан бастап KASE IFC Kazakhstan қолдауымен, ESG әдістемесін талқылағанда айтылған сарапшылардың нұсқауларын, соның ішінде Қазақстан экономикасының негізгі салалары бойынша жеке салалық маманданымдарды орнату бойынша нұсқауларын ескерумен, ESG критерийлері бойынша ақпараттар ашу аясындағы жаңа тенденцияларды ескеретін, ESG әдістемесінің жаңартуы бойынша жұмыстар атқарды. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде KASE мен IFC Kazakhstan ESG есептерін құрастыру бойынша халықаралық тәжірибені қамтыған, ESG жаңартылған әдістемесі әзірленіп, 2018 жылдың 15 наурызынан бастап енгізілді:
- Есептілік бойынша Жаһандық бастама (GRI);
- Интеграцияланған есептілік бойынша Халықаралық кеңес (IIRC);
- АҚШ тұрақты дамуының есептілік стандарттары бойынша кеңес (SASB);
- “Тқрақты қор биржалары” бастамасы аясында қор биржалары арасында, соның ішінде Малайзия, Бразилия, Сингапур және Гонконг биржаларының көптеген бастамалары.
Осы кезде ESG әдістемесінің жаңа редакциясы экологиялық және әлеуметтік сұрақтардың жалпы мәселелері бойынша, корпоративтік басқару сұрақтары бойынша сұрақтардың кеңейтілген тізімін қамтиды, осы сұрақтарға қатысты қызметтің өзекті көрсеткіштерінің тізімі мен салалық маманданымдар бойынша жетекшілік берілген.
2018 жылдың 15 наурызында KASE мен IFC Kazakhstan ҚҚА, Биржа мүшелерінің, жылдық есептер дайындау бойынша қазақстандық сарапшылардың, аудиторлық және басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шарадаБиржаның жаңартылған ESG әдістемесі назарға ұсынылды, сондай-ақ сарапшылар ESG критерийлерінің маңыздылығы мен оларды енгізу сұрақтары бойынша презентациялар жасады. Талқылау нәтижесінде Биржа мен IFC Kazakhstan ұсынған әдістеме оң пікірлерге ие болды.
Листингілік компаниялар мен KASE мүшелері ESG есебін дайындауға тажірибе жинау қажеттілігін ескере отырып, осындай есептерді нұсқамашылық негізде ұсыну туралы шешім қабылданды. KASE ESG есептеріне қойылатын талаптарды талқылау бойынша арнайы семинарлар мен кездесулер өткізу арқылы, ESG жаңа әдістемесін әрі қарай енгізуді жоспарлады.
KASE Startup сауда-саттық алаңын іске қосу
2018 жылдың 09 сәуірінде KASE Startup сауда-саттық алаңын іске қосты. Осы сауда-саттық алаңы стартап-компаниялар мен инвесторлардың арасындағы коммуникацияларды қалыптастыру үшін арналған. Осы сауда-саттық алаңы шегінде оның қатысушыларына стартап-компаниялардың капиталындағы үлестерді қор нарығының кәсіби қатысушылары арқылы сатып алу-сату бойынша Биржада мәмілелер жасасу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте қатысушылар KASE инфрақұрылымының барлық артықшылықтарын пайдалана алады. Сауда-саттық алаңына. Қатысушы ретінде сауда-саттық алаңына рұқсаттаманы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында ұйымдастырылған компаниядар ғана ала алады. Бұл ретте стартап-компаниялардың келесідей критерийлердің бірі сәйкес келсе болғаны:
- компания, сауда-саттық алаңын дамыту бойынша Биржамен меморандумға қол қойған, KASE серіктестерінің бірінде (бизнес-инкубатор, инвестициялық қор, консалтингілік немесе краудфандингілік компания) тіркелген;
- өтінім бере алдында кемінде бір жыл бұрын, стартап-компанияның қатысушыларының құрамына инвестор ретінде инвестициялық қор кірсе;
- компанияның қаржыландырылатын бағыт бойынша сатуларының бар болуы.
2018 жылдың 03 қазанында Биржа сауда-саттық алаңының алғашқы ашық презентациясын өткізді, осы іс-шарада KASE, бизнес-инкубаторлардың, стартап-компаниялардың және инвестициялық қорлардың өкілдері мүдделі тұлғалардың алдында сөз алды. Іс-шара нәтижесінде осы нарыққа қатысушылармен меморандумға қол қойылды.
Биржа, осы сауда-саттық алаңының қызметін реттейтін, келесідей ішкі құжаттарды әзірледі:
- KASE Startup сауда-саттық алаңына рұқсаттама беру ережелері;
- KASE Startup сауда-саттық алаңында мәмілелер жасасу және есеп айырысу тәртібі туралы қағида;
- KASE Startup сауда-саттық алаңындағы алымдар туралы қағида.
Сауд-саттық алаңының қызмет етуі үшін арнайы сайт әзірленді, осы сайт сауда-саттық алаңының әкімшілігі, инвесторлар, стартап-компаниялар, бизнес-инкубаторлар арасындағы қарым-қатынастарға арналған негізгі ресурс болып табылады.
2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша 2 543 пайдаланушы тіркелді. Ақпараттар ашуға 9 стартаптар кірісті, сауда-саттық алаңына 6 стартаптар рұқсаттама алды. Алты бизнес-инкубатор және төрт консалтингілік компания сауда-саттық алаңының серіктесі болды.
KASE Private Market
Инвесторлар үшін әлеуетті тартымды қаржы құралдарын анықтау және енгізу бойынша мақсаттар аясында ЖШС үлестерінің сауда-саттықтары арқылы және өз инвестициялық портфельдерінің диверсификациясы арқылы инвесторларға перспективалы жобаларға қатысу мүмкіндігін беру бойынша — KASE Private Market сауда-саттық алаңын құру жобасы әзірленді. Оның іске қосылуы 2018 жылдың маусым айында жүзеге асырылды. Тікелей инвестициялар қорларының қаржыландыру тарту кезеңінде де, жобадан шығу кезеңінде де инвестициялар тарту мүмкіншілігі пайда болды, ал қазақстандық шағын және орта кәсіпорындары үлестік қаржыландыруға рұқсаттама алды.
Қор нарығының халықаралық классификаторлардың рейтингтеріндегі жайғасымдарын жоғарылату
Стратегияны іске асыру кезеңінде қор нарығынығ өтімділігін арттыруға және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Осылайша, клирингілік қызметті дамыту бойынша жұмыстар аясында жаңа қаржы құралдарын Т+2 сызбасы бойынша есептесу жүйесіне ауыстыру жүзеге асырылды. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, қатысушыларға қолжетімді өтімділікті тиімдірек басқаруға мүмкіншілік беретін, бірыңғай шектелім механизмі енгізілді. Осы жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты Биржаның клиенттеріне биржалық бизнесті жүргізудің халықаралық стандарттарына сай келетін, сапалы қызметтерді ұсыну болып табылады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2017 жылдың қызмкүйек айында FTSE агенттігі қазақстандық қор нарығыныа “Frontier Markets” мәртебесін берді. Қазақстандық қор нарығының жайғасымын S&P, MSCI, FTSE биржалық индекстерінің халықаралық провайдерлерімен жоғарылату 2018-2021 жылдарға ұлттық қор нарығын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің және ҚРҰБ бірлескен әрекеттерінің жоспарын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарында қарастырылды.